қызанақ From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызанақ[1], томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.
Қызанақ | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Solanum lycopersicum L. | ||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||
Lycopersicon lycopersicum |
Red tomatoes, raw Nutritional value per 100 g (3.5 oz) | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Energy 20 kcal 80 kJ | ||||||||||||
| ||||||||||||
Percentages are relative to US recommendations for adults. |
Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал.
Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.
Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамырдың 10-нан кейін немесе үсік жүріп өткеннен кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, қыркүйек айлары аралығы.
Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке отбасыға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.
Піскен помидорды жуған соң, оны көлденең екі бөлікке бөліп, тұз және бұрыш себу қажет. Кесілген помидорларды кесілген жағын бетіне қаратып табаға (сары май жағылып қыздырылған) салып қуырады. Қызанақтар қызара бастаған кезде екінші бетін аудырып қуырады. Дайын қызанақты жеке тағам ретінде немесе ет және балық тағамдарына гарнир ретінде де пайдаланіға болады.
Қызанақтардың барлық түрлерін (көк, шала піскен, піскен) де тұздауға болады, тек қызанақтың әр сортыни бөлек тұздау керек. Ол үшін қызанақтарды іріктеп, зақымданғандарын бөлек алады. Іріктеліп алынған қызанақтарды тазалап жуып, алдын-ала дайындалған ағаш кеспекке салады. Әрбір қатарына аскөк, шие, немесе қарақат, сарымсақ жапырақтарын жауып отырған дұрыс. Қызанақты ағаш кеспекке салған кезде оқтын оқтын тығыздап отыру қажет, сосын бетіне ертерек дайындалған тұздық (10 л мұздатылған қайнаған суға 700-900 г тұз) ұқйылады. Қызанақ пісіп кеткен немесе ірі болса, соғұрлым тұздық ащылау болғаны дұрыс. 40-50 күн өткеннен кейін ол пайдалануға келеді. 10 кг қызанаққа: 150 г укроп, 15-20 г бұрыш, 100- 120 г қарақат немесе шие жапырағы және 50-70 г желкек жапырағы қажет.
Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.