саясатпен айналысатын адам From Wikipedia, the free encyclopedia
Саясаткер — өз қызметінде нақты саяси идеологияны басшылыққа ала отырып және нақты саяси жағдай қажеттіліктеріне сай шешімдер қабылдайтын, кәсіби саясатпен айналысушы адам. Саясаткердің интеллектуалдық әлеуеті оның қызметінің тиімділігіне ықпал етеді. Саясаткер белгілі идеология өкілі болғандықтан, бір жағынан, оның мақсаттарына сәйкес, екінші жағынан, нақты саяси жағдай қажеттіліктеріне сай өз қызметін жүзеге асыруға тырысады. М.Вебер саясатты кәсіп ретінде қарастыра отырып, саясаткерлерді үш түрге бөледі: "кездейсоқ", "жұмысына қосымша" және "кәсіби". Кәсіби саясаткер - саясат әлеміне жататын, оның кәсіби қызметі саяси шындықты өзгертуге бағытталған мүддеге негізделеді.
Тұрақты даму жағдайындағы саясаткерлер мен саясаттанушылар арасындағы айырмашылық — зерттеуші М.Крозье пікірінше, "ғалымдар — біледі, саясаткерлер — жүзеге асыра алады".
Саясаткердің имиджін қалыптастыру технологиялары — саяси нарықты және оның бөліктерін зерттеуге; басшылыққа алынған имиджді өндіру; имиджді толықтыру мен түзету; имиджді тауар ретінде ұсыну, сату; бәсекелестердің әрекеттерін бақылап, соған сай шешімдер қабылдау; бәсекелестерге қатысты қарсы жарнама жасауға бағытталады.
Саясаткердің имиджін қалыптастыру технологиялары үміткердің сыртқы бейнесі, адамдармен араласуы, дағдарыстарға реакциясы, оның өзін-өзі ұстай алуы сияқты барлық салаларды қамтиды. Саясаткердің имиджін қалыптастыру технологияларының ең маңызды түрі — саяси жарнама.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.