From Wikipedia, the free encyclopedia
Нейпьидо (бирм. ; MLCTS: ne.prany. dau mrui. — сөзбе-сөз «корольдік ел») — Мьянма елордасы. Елдің бұрынғы астанасы Янгон қаласынан солтүстікке қарай 320 км қашықтықта орналасқан. Мандалай округіндегі Пьинмана қаласынан батысқа қарай 17 шықырым қашықтықта орналасқан Чепьи ауылының орнына салынды.
Қала | |
Нейпьидо | |
бирм. | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Астана |
Мэр |
У Тун Чжи |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
19°44′16″ с. е. 96°12′27″ ш. б.19.73778° с. е. 96.20750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
2005 |
Қала статусы |
2005 |
Жер аумағы |
7 054.37 км² |
Орталығының биiктігі |
115 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
925 000 (924 608)[1] адам (2009) |
Тығыздығы |
130 адам/км² |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+95 67 |
Нейпьидо шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Нейпьидо |
Елорда Янгон қаласынан Нейпьидо қаласына 2005 жылдың 6 қарашасында көшірілді.
2005 жылғы 7 қарашасынан бастап Мьянманың әскери үкіметі Янгон қаласынан министрліктер мен ведомстволарды көшіру процессін бастады. Елорда көшіруінің нақты уақыты астрологиялық түсініктер бойынша таңғы сағат 6:36 таңдалды. 11 қараша күні 11 батальоннан және 11 министрліктен тұратын екінші қараушылы жасақ Янгон қаласын қалдырып, жаңа елордаға аттанды («Бангкок Пост» газетінің хабарлауы бойынша).[2]
Елорда көшіруінің нақты себебі белгісіз. Бұған стратегиялық және ішкі саясат түсініктері, сонымен қатар Бирма тарихында жиі орын алған астрологтардың кеңестері себеп болуы мүмкін. Пьинмана елдің ортасында орналасқандықтан, қалаға теңіз жағынан шабуыл жасау қиынға соғады. Сонымен қатар әуе бомбалауы кезінде қала айналасында жер асты баспаналарды және бекіністерді жабдықтауға болады. Сондай-ақ Пьинмана ұлттық ел шеттеріне жақын орналасқан және елорданың осындай орналасуы бұл аумақтарды жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Пьинмана генерал Аун Санның бекінген орталығы болған.
2006 жылдың 27 наурыз күні 12 000-нан астам солдат Бирманың әскері күніне (Бирманың 1945 жылғы жапон басқыншылығынан азат ету күні) арналған алғашқы әскери шеру өткізді. Бұл күні Нейпьидо елорда ретінде алғашқы рет ескертілді.[3]
2013 жылдың желтоқсанында қалада 27-ші Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары өтті.
Пойыз Янгоннан Нейпьидо қаласына дейін тоғыз сағат жүреді.[4]
2006 жылдың наурызында Air Mandalay әуекомпаниясы Янгон мен Нейпьидо қалаларының арасында ұшулар бастады. 2006 жылдың 5 маусымынан бастап Ситтве және Тандве қалаларына дейін тұрақты авиасапарлар ашылды.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.