From Wikipedia, the free encyclopedia
Актиний (лат. Actinium; Ac) — Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 7-ші периодының ІІІ тобына жататын радиоактивті элемент. Реттік саны — 89. Ең ұзақ уақыт өмір сүретін изотопы 227Ac, жартылай ыдырау уақыты — 22 жыл.[1]
| |||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||
---|---|---|---|---|---|
күміс-ақ, көгілдір жарықпен жарқырайды; кейде алтын реңкпен
| |||||
Атом қасиеті | |||||
Атауы, символ, нөмірі |
Актиний, 89 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок |
ІІІ, 7, f | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация |
[Rn] 6d17s2 | ||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 32, 18, 9, 2 | ||||
Атом радиусы |
188 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Ковалентті радиус |
215 пм | ||||
Ион радиусы |
(+3e) 118 пм | ||||
Электртерістілігі |
1,1 (Полинг шкаласы) | ||||
Электродты потенциал |
Ac←Ac3+ -2,13В Ac←Ac2+ -0,7В | ||||
Тотығу дәрежелері |
+3 (қатты негіз оксиді) | ||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 499 кДж/моль (эВ)
| ||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Тығыздық (қ.ж.) |
10,07 г/см³ | ||||
Балқу температурасы |
1320 K | ||||
Қайнау температурасы |
3470 K | ||||
Балқу жылуы |
(10,5) кДж/моль | ||||
Булану жылуы |
(292,9) кДж/моль | ||||
Молярлық жылусыйымдылық |
27,2 Дж/(K·моль) | ||||
Молярлық көлем | |||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||
Тор құрылымы |
Текше бетке бағытталған | ||||
Тор параметрлері |
5,67 Å | ||||
Басқа да қасиеттері | |||||
CAS нөмірі |
7440-34-8 |
Актинийді 1899 жылы А. Дебьерн уран рудаларын өңдеу қалдықтарында тапқан. Радийді нейтрондармен атқылау арқылы актинийді алады.
Актиний — ақшыл-күміс түсті металл, химиялық қосындыларда валенттілігі 3+, химиялық қасиеттері бойынша лантанға жақын. Актиний — қауіпті радиоактивті улы зат. Актиний (Actіnіum) Ас – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы радиоактивті элемент; реттік нөмірі 89, атомдық массасы 227. 1899 жылы француз химигі А.Дебьерн ашқан. Актинийдің жер қыртысындағы мөлшері 61010.
Актиний күмістей ақ түсті металл, балқу температурасы 1050-50С, өте әрекеттескіш; ауада тез тотығады, тұз және азот қышқылдарында ериді. Актиний химиялық қосылыстарда 3 валентті болып келеді. Қосылыстарының (гидрототықтар, фторид, оксалат, фосфат, карбонат, фторсиликат) көпшілігі ерімейді. Актиний галогенидтері ауада ұшқыр келеді, негіздік қасиеті лантаннан да күшті. Актиний тотығы оның гидрототығын немесе оксалатын 1100С-да қыздырып-күйдіру арқылы алынады. Оның галогенидтері фторлы сутекке, төрт хлорлы көміртекке, бромды алюмийниге актиний тотығының, құрғақ гидрототығының немесе оксалатының әсері нәтижесінде түзіледі. Актиний тұздары ақ түсті, ертінділері түссіз келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.