From Wikipedia, the free encyclopedia
Актиноидтар, актинийліктер — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ қатарында, актинийден кейін орналасқан. Реттік нөмірлері 90-нан 103-ке дейінгі 14 элемент. Оған: торий (Тh), протактиний (Pa), уран (U), нептуний (Np), плутоний (Pu), америций (Am), кюрий (Cm), берклий (Bk), калифорний (Cf), эйнштейний (Es), фермий (Fm), менделевий (Md), нобелий (No) және лоуренций (Lr) жатады. Актинийліктердің электрондық құрылысы мен химиялық қасиеттері ұқсас келеді. Олардың барлық изотоптары радиоактивті. Торий, протактиний, уран ғана табиғи түрінде алынған, қалғандары қолдан жасалған. Жер қыртысында торий (110-3), уран (410-4) және протактиний (710-11%) аз да болса кездеседі. Уран және плутоний изотоптары: 233U, 235U, 239Рu атом бомбаларында қопарылғыш зат және ядролық реакторларда отын ретінде қолданылады. Ураннан кейін орналасқан актинийліктер трансуран элементтерге жатады.
Қазақ энциклопедиясы I том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.