From Wikipedia, the free encyclopedia
Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді). Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды. Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.[1][2]
Дәстүр бойынша қаржы Мемлекеттік қаржы (орталықтандырылған, мемлекеттік және муниципалды қаржы) және жеке қаржы (орталықтандырылмаған) болып бөлінеді. Соңғыларына корпоративті қаржы (ұйымдардың қаржысы) және үй шаруашылығының қаржысы (жеке және отбасылық қаржы) кіреді. Мемлекеттік және жеке қаржы арасындағы айырмашылықтың ең маңызды белгісі-қоғамдық қаржы мен жеке сектордың қаржысының алдында әртүрлі мақсаттар тұр. Жеке сектордың басты мақсаты-пайда табу, яғни көбею және/немесе алыпсатарлық арқылы капиталдың айырбастау құнын барынша арттыру. Өз кезегінде, қоғамдық қаржының мақсаты — жалпыұлттық және аймақтық деңгейде тұтынылатын қоғамдық тауарларды бөлу және қайта бөлу.
Үй шаруашылықтарының қаржысы мен корпоративті қаржының айтарлықтай айырмашылығына байланысты бұл санаттар бөлек болып саналады, осылайша жалпы қаржы жіктеледі: мемлекеттік қаржы,Корпоративтік қаржы, жеке қаржы.
Корпоративтік қаржыда ерекшелігіне және ерекше рөліне байланысты қаржы қызметтері саласының қаржысы, бірінші кезекте кредиттік ұйымдардың (банктердің) қаржысы және сақтандыру ұйымдарының қаржысы бөлек бөлінеді. Кейде коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы, сондай-ақ шағын бизнестің қаржысы да ерекшеленеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.