Жиде
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жиде (Elaeagnus) — жиде тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын (кейбіреулері мәңгі жасыл) ағаш. Бұта түрлері де бар.
Жиде | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Elaeagnus commutata
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
50–70 түрі белгілі |
Қазақстанда 2 түрі бар: түрікмен жидесі (E.turcomanіca), үшкіржеміс жидесі (E.oxycarpa). Солтүстік облыстардан басқа барлық жерлерде өседі. Бұталары тікенді, күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтары болады. Гүлі қос жынысты. Жазғытұрым гүлдейді. Жиде — шірнелі өсімдік. Тұқымынан, тамыр өскінінен не тамыртүбінен көбейеді. Жемісі — жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады. Жиденің барлық түрі — әсемдік өсімдіктер. Оларды шөлді жерлерді көгалдандыруға, құм тоқтатуға, өзен мен арналардың жағасын бекітуге, т.б. пайдаланылады. Ағашын, сүрегін құрылысқа және отын ретінде, жемісін медицинада қолданады, құстарға жақсы азық болады. Жапырағы мен қабығында бояулық және илік заттар бар. Сабағынан алынатын сағызды заттан (камедь) лак және бояу өндіріледі.[1]
Жиде – жидектер тұқымдасына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Жиде ағашы еліміздің барлық өңірінде өседі. Биіктігі 10 метрге дейін жететін бұталы ағаш. Жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт көк, астыңғы жағы ақшыл, діңі және бұтақтары жылтыр, қызыл-қоңыр түсті. Жапырақтары сопақша келген, ұзындығы 3-8 см, ені 0,4-1,8 см. Гүлі ұсақ, жұпар, хош иісті, қызғылт сары. Гүлінің жұпар иісі жүз метрге дейін шығып тұрады. Жиденің гүлінен ара бал жинайды. Жиде жеміс-жидек тұқымдастарының ішіндегі ең соңында гүлдейтін ағаш. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде мамыр мен маусымда, ал солтүстік өңірлерде маусым мен шілде айларында гүлдейді. Жидегі сүйекті, тәтті, құрғақ болады. Дүние жүзінде жиденің 40-қа жуық түрі бар. Қазақстанда 2 түрі өседі. Біріншісі – ұсақ, ақшыл түсті, сүйір жемісті жидек ағашы. Биіктігі 3-4 метр, бұталары тікенді болып келеді. Республикамыздың батысында, оңтүстігінде, Жоңғар, Іле, Күнгей Алатауларында,Қаратауда, сонымен бірге Сырдария, Шу, Талас, Іле, Арыс, Сарысу өзендерінің маңайында, көл бойындағы тоғайларда, құмды және сортаң жерлерде өседі. Екіншісі – түрікмен жидесі еліміздің оңтүстік аймағында өседі. Биіктігі 3-8 метр. Жидегі ірі, түсі қоңыр.
Жиде – көптеген дертке шипа. Гүлінің құрамында эфир майы, жапырағында аскорбин қышқылы болады. Сабағы мен бұтағының құрамында илік және бояу заттары бар. Жидегінде қант, органикалық қышқылдар, ақуыз, көмірсулар, фруктоза, аздап илік заттар, дәрумендер бар. Жидеде Е дәрумені көп болады. Жидені іштің ауырғанын басу, иммунитетті көтеру, ас қорыту органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланады. Жүрек-қан тамырлары ауруларын жидек жемісімен емдейді. Жиде құрғақшылыққа төзімді. Оны құм тоқтатуға, жыра, арық, өзен бойын, қаланы көгалдандыруға пайдалану керек. Гүлінен хош иісті май, иіс сулар алынады. Жиде балы адам денсаулығына өте пайдалы.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.