Remove ads
Түркістан облысындағы қала From Wikipedia, the free encyclopedia
Арыс — Түркістан облысындағы қала. Жергілікті атқарушы орган - Арыс қаласының әкімдігі. Қала әкімдігіне қарасты 13 атқарушы орган өз қызметін жүзеге асырады. Арыс қаласының әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Қожатоғай, Жиделі, Монтайтас.
Қала | |||
Арыс | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Облысы | |||
Әкімі |
Қайсар Маңқараев | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
42°26′ с. е. 68°48′ ш. б.42.433° с. е. 68.800° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1900 | ||
Қала статусы |
1954 | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
51 997[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (96,92%) | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 72540 | ||
Пошта индексі |
160100 | ||
Автомобиль коды |
13 | ||
Арыс шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Арыс |
2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
38425 | ▲50370 | 131,1 | 19200 | ▲25566 | 133,2 | 19225 | ▲24804 | 129 |
24 маусым 2019 жылы Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Арыс қаласы төтенше жағдай орын алу салдарынан (Әскери бөлімше де жарылыс) қала эвакуациялық жабық болды. Барлық тұрғындар мен зардап шеккендер қауіпсіз орындарға көшірілді. Қаланың көп тұрғындары Шымкентке эвакуацияланды. 3 адам қайтыс болған, 89 адам ауруханаға жатқызылған. 40 мыңнан аса адам эвакуацияланған.[4] Жарылыстардың пайда болу себептері анықталуда.[5]
-1905 жылы теміржол құрылысы басталды;
-1907 жылы Арыс станциясы салынды;
-1928 жыл 17 қаңтарда Арыс ауданы құрылды;
-1932 жыл 11 наурызда Арысқа «Жұмысшы поселкісі» мәртебесі берілді;
-1956 жыл 31 шілдеде Арыс аудандық бағыныстағы қала мәртебесіне ие болды;
-1965 жыл 10 желтоқсанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы Бөген ауданы Шымкент облысының облыстық бағыныстағы қала болып атанды;
-1988 жыл 25 шілдеде Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Арыс қаласы мен Бөген ауданы біріктіріліп, орталығы Арыс қаласы болды;
-1989 жыл 13 қарашада Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен Бөген ауданындағы Монтайтас ауылдық кеңесі мен Чардара ауданының Тахыркөл ауылдық кеңесі Арыс қаласына өтті;
-1992 жылы Арыс қаласы ауылдық аймақтары бар қала болып кұрылып, қаланы басқару Арыс қаласының әкіміне өтті.
Арыс өңірі ертеде Қазақ қырған, ал Арыс өзені Үржі деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер-су атауларын құрап келгенін аңғартады.[6]
Арыс қаласының алып өлкесінің көне тарихы, тарих қойнауыңының тереңінде жатыр.
Археологтардың қазба жұмыстарына сүйенсек, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда Арыс өзенінінің сағасында оғыз, қыпшақ, қаңлы, дулат, найман, қоңырат және басқа да тайпалар мекендеген. Олар мал өсірумен қатар, үйлестірілген суландыру жүйелерін жасап, диқаншылықпен, жер өңдеумен, қолөнермен, сауда-саттықпен де айналысқан.
Өлкенің бай тарихына сүйенетін болсақ, аумақта 3000-ға жуық қорғандар орналасқан.
Біздің эрамыздағы І-VІІІ ғасырларда жергілікті жерлерде қалалар мен қалышықтар салынған, шапқыншылық кезінде қалашықтар бұзылып қайта жаңғыртып салынып отырған. Қазіргі таңда қалашықтардың қалдығы археологтардың жүргізген қазба жұмыстарына сәйкес тарихи архитектуралық ескерткіштер ретінде қаралады.
Қазақ даласының халқы ұзақ жылдар бойы жоңғар шапқыншылығынан азап шекті. Шапқыншылықтың кесірінен қазақ халқының ханы Абылай орыстың патшасынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ХVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласында Ресей патшасының өкілдері келе бастады, олардың мақсаты жоңғар шапқыншылығанан қорғау еді. Осы жағдай Ресеймен экономикалық, сауда-саттық қатынасты жақсартып, одан әрі қарай теміржол құрылыс жұмыстарының басталуына үлкен себеп болды.
Кең байтақ қазақ жерінің әр өңірі мен елді мекендерінің өз тарихы, халқының тұрмыс тіршілігінің өсу, өрлеу кезеңдері алмасып отырады. Қазақстан аймақтарында темір жол құрылыстары ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басында салына бастады. Арыс өңірінің тарихи бет-бейнесін ашуда, қаламыздың бой көрсетуіне себепші болған темір жол торабын айтуға болады. 1900-1906 жылдары Арыста әкімшілік-қоғамдық орталық құрылды. Оның құрамында вокзал, темір жол, әкімшілік, аурухана ғимараты, қызметкерлер үшін тұрғын үйлер болды. Өңірдегі тұратын халықтар жол бойында, әр түрлі құрылыс орындарында істеп осындағы жұмысшылармен қоян-қолтық араласа бастады. Өткен ғасырдың басында (1900 ж.) Орынбор-Ташкент теміржолы жүргізілді. Ал, 1904 жылы Арыс стансасы салынды.
Арыс стансасында жұмыс істейтін жұмысшылардың балалары білім алуы үшін 1922 жылы алғашқы мектеп ашылды. Сол жылдары Түрксіб құрылысы мен қатар, Арыс қаласында үлкен болашағы зор өзгерістер қолға алынды. Алғаш рет 17 қаңтар 1928 жылы Арыс ауылына жақын ауылдар мен осы ауыл халқының базасында Арыс ауданы құрылды.[7] Қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткізіп, енді-енді тыныстап келе жатқанда Ұлы Отан соғысы басталды. Арыс аймағынан отан қорғауға аттанған жауынгерлер, ерліктің қайталанбас сәттерін көрсетіп, көбі ордендермен, медалдармен марапатталып, Кеңес Одағының батырлары атанды. Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Бейсен Сейтенұлы Онтаев, Берген Исаханов, Садық Исмайлов, Иван Журба, Нағи Илиясовтар Кеңес Одағының батыры. «Тоғыз жолдың торабы», «Орта Азия қақпасы» атанған Арыс жерінен темір жол саласындағы ерен еңбектері үшін Социолистік Еңбек ері атағымен Әуезхан Салықбаев, Әбдуәлі Балғынбаев, Сырлыбек Байжанов, Көпжан Мұхамеджанов, Задария совхозының өсіп өркендеуіне Республикамызда айрықша танылуына еңбек еткен Боранбек Шүкірбеков аталарымыз баршамыздың мақтанышымыз.
Одаққа белгілі болған, экономикасы өркендеген, халқының әл-ауқаты өскен Арыс ауданына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің шешімімен 1956 жылдың 31 шілдесінде Арыс облыстық бағыныштағы қала статусына ие болды.
Соңғы нақтыланған жалпы бюджет көлемі 9.101 млн. теңгені құрап, бекітілген бюджеттен 1.826 млн. теңгеге артты.
Жергілікті кірістер жоспары 2.571 млн. теңге болса, нақты 2.981 млн. теңге түсіп, жоспар 116,0% орындалды, 2014 жылмен салыстырғанда 1.749 млн. теңгеге немесе 2,4 есеге артқан.
2015 жылы 7.279 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,8% құрады.
Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемі 5,489 млн теңгені құрады.
2015 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 3484 бірлікке жетті. Оның ішінде: 524 бірлік заңды тұлға, 1069 шаруа қожалығы және 1891 бірлік жеке кәсіпкерлер.
2015 жылы ШОК өндірілген өнім көлемі және ұсынылған қызметтер көлемі 17.182,5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5% артты немесе 587,2 млн. теңгеге артық өнім алынды.
2015 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 7615 адамды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4% немесе 253 адамға артқан.
2015 жылы бөлшек сауда көлемі 1.224,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6% артқан.
Қаржы ұйымдары арқылы 2015 жылы 3496 бірлік бизнес субьектілеріне және жеке тұлғаларға барлығы 1.472 млн. теңге көлемінде несие берілді.
Индустрияландыру картасы аясында жұмыс жасап жатқан «Қазына жер ЛТД» ЖШС-нің 2015 жылғы жобалық қуаттылығы жоспары 2400 тоннаны құраса, ағымдағы жылы нақты орындалғаны 2.657 тоннаны құрап 111,0% орындалды.
«Ордабасы құс» ЖШС-нің құны 2,5 млрд теңге құрайтын жылына 1.817 мың бас асыл тұқымды жұмыртқа шығаратын фабрикасы жобасы мақұлданды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2016-2018 жылдар аралығы, қазіргі таңда жобалық құжаттары дайындалып, топографиялық және геодезиялық жұмыстар жүргізілуде.
«KAZ GREEN TEK SOLAR» ЖШС –нің баламалы электр энергиясын өндіру жобасы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округі аумағындағы қаланың арнайы жер қорынан күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін аумағы 30 га жер телімі берілді. Жоба құны 6.090 млн. теңгені құрайды. Геодезиялық және топографиялық жұмыстар басталады. Өндірілетін электр қуаты 12 мВт. Жаңадан 30 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Индустрияландыру картасы аясында аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобалар:
Арыс қаласынан индустрияландыру картасына жобаларды енгізу мақсатында құны 164,0 млн. теңгені құрайтын «ЖК Б.Сарбасов» жаңа ұн диірмені кешенін ашу жобасы.
Жобалық құны 100,0 теңгені құрайтын «ЭСЕД» ӨК-і ет өнімдерін өндіру цехының жобасы.
Жобалық құны 200,0 теңгені құрайтын «MEGA-AGAT-АГРО» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7 жобаны іске асыру жоспарланған:
2015 жылы бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 3 жобаға «Жылдық пайыздық мөлшерін субсидиялау», 3 жобаға «Кепілдік беру» және гранттық 1 жобаға қолдау көрсетілді.
Есепті кезеңде 9.012 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.
Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2014 жылмен салыстырғанда барлық түрінен артты.
2014 жылы 20,1 мың га жерге егіс егіліп, 12 мың га суармалы жер игерілсе, 2015 жылы 22,5 мың га жерге егіс егіліп, 14,3 мың га суармалы жерлер игеріліп, жалпы егіс көлемі 2,4 мың га-ға, суармалы жерлер 2,2 мың га-ға артты.
Тамшылатып суғару әдісімен ағымдағы жылы 939 га жерге егіс егілді.
Жаңадан 36 дана ауылшаруашылығы техникалары алынып, жылдық тапсырма толық орындалды.
Қала дихандары өткен жылғы ауа райының қолайсыз болуына қарамастан егіншілік талаптарын сақтап, 6344 тонна астық, 11665,5 тонна жүгері, 1777 тонна мақта, 100475,4 тонна бақша, 10616,3 тонна көкөніс және 1332 тонна картоп өнімдерін өндірді.
Сонымен қатар 5,73 мың тн ет, 14,85 мың тн сүт, 6,46 млн дана жұмыртқа өндірді. Қала халқының сұранысы толығымен қамтамасыз етілді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 1200 бас, алынғаны 1703 бас, немесе 142% орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 900 бас қой алу межесі берілсе, нақты алынғаны 1962 бас немесе, 218,0% орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы орнына 165 басқа орындалып тапсырма 103,0% орындалды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізіліп, анықталғаны 28402 га оның ішінде суармалысы 1257 га, тәлімі егістік 3397,0 га жайылым 23471 га. Осы пайдаланбай жатқан жер иелерінің тізімдері жинақталып жерді қайтару мақсатында сотқа талап арыз берілді.
Қалада 2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында тапсырма 124 ірі қара мал бордақылау алаңдарын ашу керек болса, ашылғаны 136 бірлік, немесе 109,6% орындалды.
Шағын жанұялық сүт фермасын құру тапсырмасы 27 бірлік, орындалғаны 31 бірлік, немесе 114,8% орындалды.
Құс фермасын құру тапсырмасы 1 бірлік, орындалғаны 2 бірлік, немесе 200%.
Сүт қабылдау бекетін құру тапсырмасы 2 бірлік, орындалғаны 2 бірлік немесе 100%-ға орындалды.
«Жасыл аймақ» іс-шарасы бойынша 183,6 га жерге 77,13 мың түп егілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3.823 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,4% орындалған.
2015 жылы 493,5 млн. теңгеге 19576 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып 2014 жылмен салыстырғанда 150,9 % құрады.
Аққала елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Арыс қалалық мәдениет үйі ғимараты қайта жаңғыртудан өтіп пайдалануға берілді.
Арыс қаласындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Арыс қаласы «Көктем-2» тұрғын ауданындағы көпқабатты 60, 90 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілі аясында Монтайтас ауылында 150 қалада 240 орындық бала бақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Төрт орта мектептің, бір бала бақшаның және дендросаябақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылы қаланың 13 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, қалалық бюджеттен қаланың 7 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, аяқ жолдар төселіп, суағарлар орнатылды, көшелер мен аяқжолдар жарықтандырылды.
Стадион шағын ауданындағы Қабылсай сайынан өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына қалалық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Көктем-2» тұрғын ауданындағы қазандықтың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
«Көктем — 2» тұрғын ауданында канализациялық насос стансасының және канализация жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Қалаға жақын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесінің 2014-2015 жылдарға арналған, қайта құру және жаңарту нысандарының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Қаладағы орталық жылу қазандығының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер сапалы жылумен қамтамасыз етілді.
Жөндеуді қажет ететін ауыз су, кәріз және жылу жүйелері толық ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Қаладағы 4 скверлерге абаттандыру жұмыстары жұргізілді.
Дермене, Монтайтас, Сырдария, Жиделі және Байырқұм елді мекендеріндегі саябақтарды қоршау жұмыстары жүргізілді.
Арыс қаласының Ақынбеков көшесіндегі №127 және Әл-Фараби көшесіндегі №7 үйдің қасбеттеріне светодиотты шамдармен көріктендіру, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар саны 5000 адамға дейінгі елді мекендердің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқасын дайындаудың кестесі жасалып, 6 елді мекеннің бас жоспарының оңтайландырылған нұсқалары дайындалып, барлық елді мекендер бас жоспарының оңтайландырылған нұсқаларымен 100% қамтылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрамында 25 мүшесі бар, 4 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, 154 кездесу өтіп, 13521 адам қамтылды.
Жолдауды БАҚ арқылы халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы айдарлар ашылып, телеарнадан 36 сюжет, басылымдарда 48 мақала шықты. Сонымен қатар 50 билборд орнатылды.
Діни экстремизм, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында қала әкімдігі мен қалалық білім бөлімі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ құрылып, арнайы іс-шаралар бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.
2015 жылы ұлттық бірыңғай тесттің орташа көрсеткіші 80,9 балды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 балға артты.
10 білім беру нысандарын (9 мектеп, 1 бала бақша) күрделі жөндеуге республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 918,3 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Балаларды бала бақшамен қамту 80,2% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артқан.
Т.Тәжібаев атындағы №1 балалар үйіне облыстық бюджеттен 81,0 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді.
Қала сыртындағы лагермен жалпы оқушылардың 12,5% қамтылды. Инклюзивті білім беруді дамыту 29,2% құрады. Білім қоры 2,0% -ды құрады.
Қала бойынша есепті кезеңде 1832 сәби дүниеге келіп, табиғи өсім 20,3% құрады. 2015 жылы туберкулез ауруымен алғаш рет 37 науқас тіркелген, алғашқы аурушаңдық 2014 жылмен салыстырғанда 19,5%. кеміген.
Ақдала ауылында дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.
Қалалық түберкулезге қарсы диспансердің сыртқы қоршауы жүргізіліп, толық аяқталды.
Қалада мәдениет және спорт салаларында белгіленген тақырыптық және бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар өткізілуде.
Байырқұм ауылдық клубы күрделі жөндеуден өткізілді.
2015 жылы 1442 азамат өтініш жасап, 1081 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 535 ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
2015 жылы 18 жасқа дейінгі 6673 балаларға 124,0 млн. теңге жәрдемақы төленді.
Тұрғын-үй көмегіне 2015 жылы 348 отбасына 13,5 млн. теңге төленді. 2015 жылы 12 отбасындағы 66 адамға 610,0 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді.
2015 жылдың шілде айынан бастап «Өрлеу» пилоттық жобасына 38 отбасы қатысып, оларға жергілікті бюджеттен 6,5 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру аясында әлеуметтік жобаларды арттыру мақсатында 2015 жылы 24 мекемемен меморандум түзіліп, 4 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.