Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұхара (өзб. Buxoro) — Өзбекстандағы қала, Бұхара облысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде, Зерафшан өзені аңғарының батысында, Бұхар шұратының орталық бөлігінде, Шахруд каналының бойында, теңіз деңгейінен 226 метр биіктікте орналасқан. Халық саны 237,6 мың адамға (1995) тең.
Қала | |||||||
Бұхара | |||||||
өзб. Buxoro | |||||||
| |||||||
Әкімшілігі | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||||
Облыс | |||||||
Ішкі бөлінісі |
3 қала, 8 аудан | ||||||
Хәкімі |
Ботир Зарипов | ||||||
Тарихы мен географиясы | |||||||
Координаттары |
39°46′29″ с. е. 64°25′43″ ш. б.39.77472° с. е. 64.42861° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||||
Құрылған уақыты |
б.з.б. VI ғасыры | ||||||
Алғашқы дерек |
500 жылы | ||||||
Жер аумағы |
143 км² | ||||||
Орталығының биiктігі |
225 ± 1 м | ||||||
Тұрғындары | |||||||
Тұрғыны |
279 200 адам (2017) | ||||||
Тығыздығы |
3 824 адам/км² | ||||||
Сандық идентификаторлары | |||||||
Телефон коды |
+998 8365 | ||||||
Пошта индексі |
2001ХХ | ||||||
Автомобиль коды |
20 | ||||||
Бұхара шекарасы
| |||||||
Ортаққордағы санаты: Бұхара |
Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың орта шенінде іргесі қаланып, бастапқы кезде соғды тілінде Нумижкат деп аталған. «Бұхара» атауы алғаш рет жазба деректерде V ғасырдағыдағы қытай жылнамасында кездеседі. 709 жылы арабтар басып алған кезде, ол Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталығы болған.
Бұхара — Өзбекстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталығы. Қаракөл өңдеу, мақта тазалау, май зауыттары, жібек, трикотаж фабрикалары, ет, сүт, шарап, т. б. кәсіпорындары бар. Архитектуралық ескерткіштер саны 140-қа жуық. Сәулет өнерінің тамаша үлгісімен салынған Исмаил Самани кесенесі (IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың басы), Калән мұнарасы (1127), Мір-Араб медресесі (1536), Сайфеддин Бохарзи кесенесі (13 ғасыр), Ұлықбек (1417), Көгілташ (1568), Надир Диуан бегі (1612) және Абд-ул-Әзиз хан (1652) медреселері нақышты өрнегімен көз тартады. Қала сыртындағы құрылыстардың ішінен Бехауддиннің ханакасы (1544 — 45), Чар-Бакр ғимараты (1560 — 63), Файзабад ханакасы (1598 — 99), Чар-Минар медресесі (1807) ерекше назар аудартады. Бұхарада әлемдік ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли Ибн Сина, Бұхари, Рудаки, т.б. өмір сүрген. 1996 жылы ЮНЕСКО Бұхараны әлемдік мәдениет ошағы болған қалалардың қатарына қосып, оны өз қамқорлығына алатынын мәлімдеген. Бұхарадағы медреселерде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында бірқатар қазақ зиялылары білім алған. Қалада тарихи өлкетану, халық өнері музейлері, ибн Сина мұражайы бар[1][2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.