Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Qazcontent» акционерлік қоғамы — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания 7 ақпараттық ресурсты біріктіреді: жаңалықтар сайттары — baigenews.kz, baq.kz, el.kz, тақырыптық порталдар — adebiportal.kz, e-history.kz, ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайты. Компания ресурстары 3 тілде қолжетімді.[1]
Qazcontent | |
Түрі | |
---|---|
Қызметі |
Қазақстандық интернет кеңістікті дамыту |
Құрылды | |
Жабылды | |
Бұрынғы атауы |
Қазконтент (2009-2019) |
Құрушы | |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Айна Задабек (Басқарма төрайымы) |
Саласы | |
Басшы компания |
100% акциясын Мәдениет және ақпарат министрлігі басқарады |
Сайты |
«Қазконтент» АҚ 2009 жылдың 21 қаңтарында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің еншілес кәсіпорны болып құрылды.[2] Аталмыш қоғамның құрылуы мемлекеттің Интернет желісіндегі қазақстандық сегментті қалыптастыру мен дамыту бойынша стратегиялық міндетін жүзеге асырумен байланысты. Жаңа технологиялар мен инновациялардың көмегімен қолданушыларға сапалы контент ұсынып, қазнеттің дамуына мүмкіндіктер туғызу.[3] 2009 жылдың ақпан айында алғашқы жоба - kaztube.kz іске қосылды. Ал наурыз айында bnews.kz ақпараттық агенттігі құрылды.[4] 2010 жыл қараша айында baq.kz ақпараттық агенттігі жұмысын бастады. 2011 наурыз айында Қазконтент негізінде ҚР Премьер-министрінің ресми сайты ашылды. Сондай-ақ ilike.kz әлеуметтік желісі пайдалануға берілді. Компания Қазақша Уикипедия дамуына үлес қосып келеді. 2011 жылы Уикимедия қоры кеңесінің төрағасы Тинг Чен мырза «Қазконтент» АҚ компаниясына Уикипедия контентінің қазақ бөлімін толықтыруда көмек қолын созғаны үшін ресми түрде алғысын білдірді.[5] Осы жылы Қазнеттің эмблемасын әзірлеуге байқау жариялады.[6] 2012 жылы қараша айында компания акцияларын иемдену және пайдалану құқығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді. 2013 жылдың қаңтар айында strategy2050.kz арнайы веб-порталы іске қосылды. Сол жылы Қазконтент америкалық McAfee компаниясымен меморандумға қол қойды.[7] Желтоқсан айында әдеби шығармаларды қолданушыларға ұсынатын adebiportal.kz сайты құрылды.[8] «Казконтент» АҚ «Қаламгер Азамат» жас журналистердің V республикалық форумын өткізді.[9] 2014 жылдың сәуір айында Қазконтент акцияларын басқару ҚР Байланыс және ақпарат жөніндегі агенттігіне өтті. Акционерлік қоғамның 100 пайызы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігіне тиесілі.
2019 жылы «Қазконтент» АҚ «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС құрамына қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды («Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысы).
2022 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
«Qazcontent» АҚ басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады. Атқарушы орган – басқарма. Ағымдағы қызметке басшылықты «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы жүргізеді.[10]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.