From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені — мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қызметін ақпараттық жағынан қамтамасыз ететін арнаулы медиа-ресурс.
"Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" ШЖҚ РМК | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Құрылған уақыты | 1996 жыл |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы |
Штаб-пәтері | Қазақстан, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі, 3 |
Директоры | Қажыбаева Раушан Жанабергенқызы |
Ресми сайты | |
ptrk.qr-pib.kz |
Телерадиокешен медиа активтеріне ел аумағында тәулік бойы хабар тарататын «Jibek Joly» телеарнасы, халықаралық кеңістікке тарайтын «Silk Way», «Silk Way Cinema» арналары, «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігі және Деректі фильмдер орталығы кіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені 1996 жылы 29 желтоқсанда құрылды.
1999 жылы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi» мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi» коммерциялық емес жабық акционерлiк қоғамы болып қайта ұйымдастырылды.
ҚР Президенті Іс басқарушысының 2005 жылдың 11 ақпандағы №06/20 бұйрығына сай «ҚР Президентінің ТРК» КЕЖАҚ-ынан «ҚР Президентінің ТРК» КЕАҚ-ы болып қайта аталды.
2022 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, «Kazakh TV» халықаралық спутниктік телеарнасы және Kaztube ұлттық видео-хостингі ҚР Президентінің Телерадиокешені құрамына берілді.[1]
2023 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.