ҚазАқпарат (ағылш. Kazinform) — қазақстандық халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстандағы ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Бас кеңсесі Астанада орналасқан. Негізінен ұлттық және еуразиялық жаңалықтарға назар аударады.
Quick Facts Ел, Иесі ...
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі |
|
Ел |
Қазақстан
|
---|
Иесі |
Президент Телерадиокешені
|
---|
Бас директоры |
Басқарушы директор — Каринтаева Анар Сыдыққызы
|
---|
Құрылған жылы |
1920
|
---|
Редакция мекенжайы |
Астана қаласы, Ақмешіт көшесі, 3
|
---|
Тілі |
қазақша, орысша, ағылшынша, өзбекше, қытайша
|
---|
Бұрынғы атаулары |
- Қазақ телеграф агенттігі, ҚазТАГ (1937-1991)
- Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі, ҚазТАГ (1991-1997)
- Қазақ ақпарат агенттiгi, ҚазААГ (1997-2002)
- Қазақ ақпарат агенттiгi, ҚазАқпарат (2002-2013)
|
---|
Веб-сайты |
inform.kz
|
Close
- 1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды.
- 1925 жылы — ҚазРОСТА деп қайта аталды.
- 1937 жылы — Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) деген атаумен Қазақ КСР-нің Халық комиссарлар Кеңесіне берілді.
- 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігі Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) болып өзгертілді.
- 1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ таратылып, орнына "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны құрылды.[1]
- 2002 жылы – ҚазААГ базасында "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" Ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы ұйымдастырылды.
- 2008 жылы – «Қазақ ақпараттық агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамына енді.
- 2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ таратылып, холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді.
- 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы таратылып, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамына біріктірілді.
- 2013 жылы – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешімі негізінде 16 қазанда «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді.
- 2014 жылы 6 қаңтарда «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС өз қызметін бастады.
- 2016 жылы – "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
- 2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
- 2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына енді. Ал агенттікпен аттас компания «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
- 2023 жылы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚ РМК) болып қайта құрылды.
Агенттікті әр жылдарда басқарған басшылар:
- ҚазТАГ
- Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді)
- Константин Нефёдов (1939-1940)
- Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953-1958)
- Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959-1960)
- Қасым Шәріпұлы Шәріпов (1961-1974)
- Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977-1982)
- Жұмағали Исмағұлов (1982-1987)
- Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987-1997)
- КИА/ҚазААГ
- Мұрат Майханұлы Аренов (1997-2002)
- Казинформ/ҚазАқпарат
- Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003-2004)
- Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004-2006)
- Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007-2016)
- Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016-2017)
- Асқар Қуанышұлы Омаров (2017-2021)
- Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021-2022)
- «ҚР Президенті Телерадиокешені» КеАҚ
- Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2022 жылдың 1 сәуірінен)
- «ҚР Президенті Телерадиокешені» ШЖҚ РМК
- Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2023 жылдың 1 қыркүйегінен)[2]
ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі.
ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.
2025 жылға дейін кириллицадан латын әліпбиіне көшу қарсаңында қазақ тілін түрік латын графикасына негізделген романизация жүйесі болды, оны 2025 жылға дейін аяқтау көзделген. Алайда оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан қарастырған жоқ. Президент жаңа әліпбиде «еш ілгек те, артық нүкте де болмауы керек» деп түсіндірді. Назарбаев бекіткен жаңа латын әліпбиі кирилл әліпбиіне сәйкес келетін апострофтардан тұрады, жұртшылық пен тіл мамандары тарапынан түрлі пікірлер айтылды[3].
2019 жылға қарай ақпарат агенттігінің сайты латынша қазақ тіліндегі нұсқасында 2018 жылғы қайта қаралған романизация жүйесін қолдана бастап, нәтижесінде түрік латын негізіндегі жүйеден бас тартты; дегенмен, Қазақша Уикипедия мен Google Translate әлі күнге дейін агенттіктің латын графикасын пайдаланады. Google Translate оны романизация үшін пайдаланады.
Әлеуметтік желідегі қазақ тілі әуесқойларының «Kazak Grammar» тобы 2018 жылғы ресми жүйенің ерекшеліктерін ҚазАқпарат жүйесімен біріктіретін, әсіресе түрік тіліндегі дауысты дыбыстардың диакритикамен сақталуын біріктіретін балама романизация жүйесін ұсынды. Бірақ 2020 жылдың басында топ бағытындағы күтпеген өзгеріс болып, топ әліпбидің 2019-2020 жылдарға арналған қайта қарауын көрсететін жаңа романизация келісімдерімен бірге «Noqat» ретінде қайта құрылды.
"Қазақ энциклопедиясы",5 том