From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры- қоғамдық негізде құрылған қор нысанындағы Қазақстандық коммерциялық емес заңды тұлға.
Қор қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамытуды мақсатымен [1] 2011 жылы WikiBilim атауымен құрылған болатын. 2017 жылдың 1 маусымында қайта тіркеуден өтіп Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры деп атауын өзгертті.
Ұлттық аударма бюросы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан алты жобаның бірі "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасының үйлестірушісі ретінде әрекет етеді.
Қор 2011 жылдың 4 маусымында WikiBilim атауымен құрылған болатын. Қор атауы "Wiki" (Уики) - қолданушылар тарапынан жасалатын контентке негізделген технологияның атауы (жылдам, тез деген мағына береді) және "Білім" сөздерінен құралған. Wiki интернет кеңістігінің дамуына ерекше үлес қосқан технология, мәдениет.
Қор мәдениет және білім беру саласында "Сандық Қазақстан" бастамасының аясында бірнеше жобаларды жүзеге асырды, солардың қатарында "Қазақша Уикипедия", "Қазақстанның ашық кітапханасы", "Қазақ тілінің әмбебап сөздігі", "Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы", "Google аудармашы қызметіне қазақ тілін қосу" жобалары бар.
Қор Қазақстанда және халықаралық деңгейде танымал. Уикипедия онлайн энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлс 2011 жылы өткен Wikimania конференциясында энциклопедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамытуға қосқан үлесі үшін қорды "Жыл Уикипедияшысы" номинациясымен марапаттаған болатын.
Қордың жарғысына сәйкес негізгі мақсаты ретінде интернеттегі қазақ тіліндегі ағартушылық мазмұнды дамыту және насихаттау деп белгіленген. Қордың негізгі мақсатына жету ісінде бірнеше жобалар жүзеге асырылып жатыр.
2011 жылдың маусым айында халықаралық онлайн энциклопедия Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасын дамыту жобасын бастаған болатын. Еріктілермен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Алматыға Викимедиа қорының (АҚШ) қамқоршылар кеңесі мүшесі Тинг Чен мырза келді. Еріктілердің алғашқы тобын Халықаралық Ақпараттық технологиялар университеті мен Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты.
Уикипедия әлемдік ашық онлайн интернет энциклопедиясының қазақ тіліндегі бөлімін дамыту және насихаттау мақсатында "WikiBilim" қоғамдық қоры 2011 жылдың маусым айында "Қазақша Уикипедия" жобасын бастады. Жобаның негізгі мақсаты қазақ тілінде жазылатын энциклопедиялық мақалалардың санын және сапасын арттыру, энциклопедияға белсенді қатысушылардың санын көбейту. Уикипедия интернет энциклопедиясының аясында интеллектуалдық қауымдастық құру, тіл жанашырларының хоббиіне айналдыру. "Қазақша Уикипедия" жобасы басталмай тұрып, энциклопедияда қазақ тілі 127 орында тұр еді. Айналдырған бір жыл ішінде қазақ тілі 25-орынға көтерілді.[2]
Қор жобаны жүзеге асыру жұмысына көптеген ұйымдар мен мекемелерді жұмылдырды. Жобаға Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Кәрім Мәсімов қолдау көрсетті[3]. Бас демеуші ретінде "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры екі жылға 50 миллион теңге бөлді. [4].
Қатысушыларға арнап Нокиа компаниясы аптаның үздік мақаласына С3-00 телефондарын табыстады [5].
Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы өзінің дайындаған он томдық "Қазақстан" энциклопедиясының мәтінін Уикипедияға орналастыруға рұқсат берді. Бұл материалдарды Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті студенттері өңдеп, энциклопедияға орналастыру жұмысын өткізді. Студенттер аталған оқу тәжірибесі кезінде уики мәтін және медиауики жүйесімен танысты[6].
Интернеттегі қазақтілді мазмұнды дамыту мақсатында WikiBilim қоғамдық қоры "Қазақстанның ашық кітапханасы" жобасын қолға алды. "Қазақстанның ашық кітапханасы" — 170-тен астам автордың 1700-ге жуық шығармасы орналасқан тегін әрі қазақтілді онлайн кітапхана. «Қазақстанның ашық кітапханасында» Creative Commons лицензияларының негізінде жарық көрген үлкен кітап қоры, аудио- және видеофайлдар жинақталған. Оның негізін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында жарық көрген туындылар құрайды. Портал қазақстандық интернет үшін кітапты онлайн оқуға және оның мәтінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірегей қосымшасымен ерекше.
Онлайн кітапханада қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары жинақталған. Кітапхана қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларымен толығу үстінде. Атап айтсақ, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 200-ге жуық шығармалары топтасқан.[7],[8]
Қордың қазақ тіліне байланысты, әсіресе интернеттегі қазақтілді танымдық, ағартушылық мазмұнды толтыру мәселелеріне қатысты көтерген бастамалары көп. Солардың бірі - Google Translate қызметіне қазақ тілін қосу бастамасы. Қазақ тілін ғаламдық аударма қызметіне қосу үшін қазақ тілінің жанашырлары, жалпы ел азаматтары белсенді атсалысуы тиіс. Бүгінгі таңда Google Translate аударма қызметі 71 тілде жұмыс істейтін ғаламдық сервиске қазақ тілін қосу жайындағы бастаманы алғаш көтерген - "WikiBilim" қоғамдық қоры.[9]
Таратуға әбден лайық идеялардың қоймасы - TED конференциялары. 2012 жылдың қараша айындағы мәліметтерге қарағанда, TED конференциялары миллардтан көп қаралған.[10] Әр жыл сайын ең ұтымды ой үшін сыйақы мөлшері 1 миллон$-ды құрайтын әлемдік маңызы бар конференцияны "WikiBilim" қоғамдық қоры қазақ тіліне аудару үстінде. Аталмыш конференциялар "Білім" арнасынан көрсетіліп жүр.[11][12]
WikiBilim қоғамдық қоры Назарбаев зияткерлік мектебінде онлайн білім беру технологияларына қатысты презентация өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар мектепте Уикипедия клубын (Wikipedia Club) және TEDxNIS клубын құруға қызығушылық танытты.[13]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.