From Wikipedia, the free encyclopedia
Рауан Кенжеханұлы (1979 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған) — қазақстандық қоғам қайраткері, журналист, дипломат және білім беру саласындағы жоба жетекшісі. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті (2023).
Рауан Кенжеханұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі |
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті |
Әкесі |
Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы |
Анасы |
Алметова Әсипат Сауытбекқызы |
Жұбайы |
Райымбекова Мира Хариевна |
Балалары |
Ұлдары: Сырым (2007), Керім (2020) |
Марапаттары мен сыйлықтары | |
Сайты |
2011 жылы Уикипедия қауымдастығын қазақ тілінде дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Халықаралық "Wikimania" конференциясында "Wikipedia" энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уэйлс атынан тағайындалған "Wikipedian of the Year" (Жыл уикипедияшысы) марапатымен марапатталды. Бұл марапат алғашқы рет ұйымдастырылған болатын және сол жылдан бастап жыл сайын ең үздік уикипедияшыларға табысталады.
1979 жылы 1 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Рауанның әкесі — Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы, анасы — Алметова Әсипат Сауытбекқызы, екеуі де филологтар.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2001).
2004 жылы "Стратегиялық менеджмент және Қаржы" мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды.
2001 жылдан бастап «Хабар» телеарнасында журналист болып жұмыс істейді, «Хабар» арнасының атынан Қазақстан президентінің журналистер пулына кіреді, кейін «Хабар» телеарнасында «Жеті күн» апталық қорытынды талдау бағдарламасының редакторы.
2004 жылдан «Хабар» агенттігінің Ресей Федерациясында меншікті тілшісі.
2005-2006 жылдары баспасөз қызметі басшысы, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
2008-2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
2009-2011 жылы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Гарвард университетінде оқуын жалғастырады.
2010-2011 жылдар аралығында Гарвард университеті лингвистика департаментінің оқытушысы.
2011 жылдан бастап электронды білім саласында қызмет ететін Bilim Media Group компаниясының басшысы және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының жетекшісі.[1]
2016 жылы 1 қыркүйектен бастап Bilim Media Group директоры болып жұмыс істейді.
2017 жылы 1 маусымнан бері «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры (бұрынғы - WikiBilim). Қор үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару бойынша «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Әлеуметтік даму және білім беру мәселелері жөніндегі топқа кіреді.
2023 жылғы 21 шілдеден бастап «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.[2]
2011-2013 жылдары WikiBilim қоры Уикипедияның қазақ тіліндегі нұсқасын ілгерілету жобасын жүзеге асырды.
2012-2014 жылдары қор қазақ тілін Google Translate сервисіне қосу жөніндегі бағдарламаны іске қосты.
Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.
Қазақстандық кәсіпкерлердің YPO Kazakhstan қауымдастығының мүшесі.
2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Этноспорт федерациясының вице-президенті.
2023 жылғы 21 шілде күні Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.