From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында сыртқы саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі орталық аппарат пен шетелдегі мекемелерден тұратын елдің дипломатиялық қызметі органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының басшысын парламентпен консультация өткізбей, өз еркімен лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі өз жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы ережеге сүйенеді [1] және өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделеріне өкілдік етуге, Министрліктің мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда мүдделерін білдіруге, өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілеуге, дипломатиялық қызмет персоналын лауазымдарға тағайындауға және лауазымдардан босатуға, көтермелеуге және тәртіптік жазалауға, дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттіліктерін белгілеуге, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді іске асыруға уәкілетті.
Қазақ билеушілерінің дипломатиялық қатынастарының тарихи деректері Қазақ хандығы кезеңінде сыртқы саясат саласын тәжірибеде билеушілердің өздері басқарғанын куәландырады. Дипломатиялық қатынастардың дамуына хандар бастамашылық етті. Олардың сыртқы саясатының негізгі мазмұны территорияны ұлғайтудан, сауда жолдарын, олардың тоғысу тораптарын, сауда орталықтарын иеленуге және халықаралық алмасуда басты рөл ойнауға деген талпыныстан және т.б. тұрды.[2]
Қазақ хандарының ордаларында дипломатиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы құжаттарды жіберетін кеңселер болды. Қазақ хандары өз уәкілдерін – «елшілерін» тағайындады, оларға көрші билеушілерге және наменгерлерге жазбаша немесе ауызша түрдегі хабарландырулар мен жарлықтарды жеткізу тапсырылды.[3][4]
Бүгінгі Қазақстан территориясында сыртқы саясат ведомствосының басшысы лауазымы Қазан революциясынан кейінгі бастапқы уақытта бірқатар жағдайларда сыртқы саяси қызметті өз бетінше іске асырған Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы кезеңінде бірінші рет құжат жүзінде ресімделді.[5] Бұл лауазым – Түркістан АКСР-нің Сыртқы істер халық комиссары деп атанып, оның қызметі Ресей федерациясындағы Түркістан республикасының Сыртқы істер комиссариаты туралы ережемен реттелді. Түркістан АКСР Сыртқы істер халық комиссарының функционалдық міндеттеріне шетел үкіметтерімен саяси қатынастары, республиканың саудасын және мүдделерін бөгде өлкелерде қолдау, республика азаматтарының шетелде заңды қорғалуын қамтамасыз ету кірді.[6]
Қазіргі күнгі түсінікте сыртқы істер министрінің лауазымы 1944 жылғы ақпанда «Кеңестік республикаларға сыртқы қатынастар саласында өкілеттілік ұсыну туралы және осыған байланысты Сыртқы істер халық комиссариатын жалпыкеңестіктен кеңестік-республикалық Халық комиссариатына қайта құру туралы» КСРО Заңы [7] қабылданғаннан кейін пайда болды. Сол кезде барлық одақтас республикалар шетел мемлекеттерімен тікелей қатынастарға түсу құқығына ие болды, алайда, барлық негізгі сыртқы саяси функцияларды КСРО Сыртқы істер министрлігі атқарды. 1944-1974 жж. Сыртқы істер министрінің міндеттерін Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасарлары қоса атқарды.
Келесі тізімде 1944 ж. бастап Қазақстанның сыртқы істер министрі орнында болған тұлғалар көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін қазіргі тәуелсіз Қазақстанда 7 кісі министрлікті басқарған, олардың екеуі бұл орында 2 рет болған.
Аты-жөні | Лауазымы | Бастаған күні | Бітірген күні |
---|---|---|---|
Төлеген Тәжібаев | Қазақ КСР Сыртқы істер халық комиссары | 1944 жыл | 1946 жыл |
Төлеген Тәжібаев | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1946 жыл | 1953 жыл |
Қайырғали Байғалиев | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1953 жыл | 1955 жыл |
Төлеген Тәжібаев | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1955 жыл | 1958 жыл |
Асқар Закарин | Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі | 1958 жыл | 1961 жыл |
Өтешқали Атамбаев | Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі | 1961 жыл | 1963 жыл |
Әди Шәріпов | Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі | 1963 жыл | 1966 жыл |
Балжан Бөлтірікова | Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі | 1966 жыл | 1971 жыл |
Мәлік Фазылов | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1973 жыл | 1976 жыл |
Мүсілім Базарбаев | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1976 жыл | 1981 жыл |
Михаил Исиналиев | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1981 жыл | 1989 жыл |
Ақмарал Арыстанбекова | Қазақ КСР Сыртқы істер министрі | 1989 жыл | желтоқсан 1991 жыл |
Төлеутай Сүлейменов | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | желтоқсан 1991 жыл | 1994 жыл |
Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 1994 жыл | 1994 жыл |
Қасым-Жомарт Тоқаев | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 1994 жыл | 1999 жыл |
Ерлан Ыдырысов | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 1999 жыл | 2002 жыл |
Қасым-Жомарт Тоқаев | Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі | маусым 2003 жыл | қаңтар 2007 жыл |
Марат Тәжин | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 11 қаңтар 2007 жыл | 4 қыркүйек 2009 жыл |
Қанат Саудабаев | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 4 қыркүйек 2009 жыл | 8 сәуір 2011 жыл |
Ержан Қазыханов | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 11 сәуір 2011 жыл | 24 қыркүйек 2012 жыл |
Ерлан Ыдырысов | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 28 қыркүйек 2012 жыл | 28 желтоқсан 2016 жыл |
Қайрат Абдрахманов | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 28 желтоқсан 2016 жыл | 26 желтоқсан 2018 жыл |
Бейбіт Атамқұлов | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 26 желтоқсан 2018 жыл | 18 қыркүйек 2019 жыл |
Мұхтар Тілеуберді | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі | 18 қыркүйек 2019 жыл | 29 наурыз 2023 жыл |
Мұрат Нұртілеу | Премьер-министр орынбасары — Сыртқы істер министрі | 29 наурыз 2023 жылдан бастап |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.