From Wikipedia, the free encyclopedia
Мүсілім Базарбаев(15.5.1927, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Кекірелі ауылы – 9.11.1995, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1993).[1]
ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын (1956) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының директорының орынбасары (1956–1961), Әдебиет және өнер институтының директоры (1961–1970; 1981–1986), Қазақ КСР-і Мәдениет (1970–1976) және Сыртқы істер министрі (1976–1981), Әдебиет және өнер институтында аға (1986), жетекші ғылыми қызметкер (1986–1988), бөлім меңгерушісі (1988–1995) қызметтерін атқарған.[2]
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960–1967), «20–30-жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады (1998). «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әкімшіл-әміршіл жүйенің тыйым салуына қарамастан, докторлық диссертацияның бір тарауын Шәкерім Құдайбердіұлына арнап, ақынның алғашқы зерттеушілерінің бірі болды. Көркем аудармалары қазақ тілінде жарық көрді. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.[3][4][5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.