Қазақконцерт

From Wikipedia, the free encyclopedia

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы — Қазақстандағы мәдени-концерттік мекеме. 1960 жылы Жамбыл атындағы филармонияның эстрада секторы негізінде, қазақ халқының музыка мәдениеті мен мұрасын насихаттау мақсатында құралды. Сол жылы мәдениет министрлігінің ұйғарымымен "Қазақконцерт" филармониядан бөлініп шықты. "Қазақконцерттің" алғашқы құрамына Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Омарова, Ж.Елебеков, Г.Баязитова, Р.Есімжанова, Ү.Тұрдықұлова, Н.Тапалова, Роза Бағланова, М.Хамзин секілді Қазақстанның халық артистері, т.б. кірді. Олардың келесі тобын С.Тыныштығұлова, Ә.Есқалиев, С.Шүкіров, Г.Талпақова секілді халық артистері, "Дос-Мұқасан" вокалдық-аспаптық ансамблі, "Жалын", "Балбырауын" музыкалық ансамбльдері құрады. Бүгінде концерттік бірлестікте Қазақстанның халық артистері - Роза Бағланова, Р.Рымбаева, М.Жүнісова, еңбек сіңірген артистер - [Р.Стамғазиев, Б.Сәмединова, халықаралық байқаулардың лауреаттары - М.Дәулетбақова, Қ.Мақанов, С.Қаниева, П.Омарбекова, Б.Смақов[1] т.б. жұмыс істейді.[2]

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.