Әзидолла Есқалиев - домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Ол 1.1.1934 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылында туды.
Әзидолла Есқалиев | |
---|---|
Әзидолла Есқалиев | |
Дүниеге келгені: |
01.01.1934 Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы |
Қайтыс болғаны: | 14.8.2017 |
Мансабы: | домбырашы |
Әзидолланың әкесі Есқали мен ағасы Әліпті халық «Өнердің шежіресі» деп атаған. Есқали әке бүкіл Батыс Қазақстан аймағына аты өрлеп шыққан Құрманғазының шәкірті, ізбасары Дина Кенжеқызы Нұрпейісованы әдейі шақыртып, бір апта үйіне қонақ қылып, оның орындауында талай сар қаймақ, өршінді күйлер – Құрманғазының «Төремұратын», «Қызыл қайыңын», Дәулеткерейдің «Топан», Наушанның «Байжұмасын», өзінің «Әсем қоңырын», «Бұл-бұл» күйлерін тыңдайды. Ара-арасында Әзидолланы сынап, ақыл кеңестерін берді. Әзидолланың алғашқы өнерге үйреткен ұстазы Дина болатын.
Ол 1953 жылдың шілде айында Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетіне құжаттарын тапсырды. Емтиханды профессор, академик Ахмет Жұбановтың өзі қабылдады Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1960 жылы Қазақконцерттің солист-домбырашысы болып жұмыс істейді. Оның дарынды домбырашылығы Құрманғазы атындағы оркестрде айқара ашылды. Үздік өнері, орындаушылық дархан шеберлігі қалың қауымның көңілінен шықты. Әзидолла Есқалиев деген есім қазақтың байтақ даласына танымал домбырашыға айналды. Бұл жылдарда ол өзінің қарқынды, сәнді өнерімен тек қана байтақ Қазақстан жұртшылығын сусындатып, тамсандырып қана қоймай, Германия, Франция, Чехословакия, АҚШ, Алжир, Қытай, Моңғолия тағы да басқа көптеген шет мемлекеттердің сахна төрінде қазақтың күй өнерінің құдыретін жая түсті. Қазақ дейтін өнерлі ұлт, Қазақстан атты ел бар екендігін әлемге паш етті. Ә. Есқалиев орындаушылық шеберлігі жоғары, танымал концерттік орындаушы. Ә. Есқалиевтің орындауындағы музыкалық шығармалар радио мен теледидардан тұрақты беріліп тұрады. 17 күйтабағы шығарылған, олар Қазақстанның алтын қорына енген. Ә Есқалиев талантты педагог, қазақтың ұлттық музыкалық дәстүрін жетік біледі. Оның ғылыми педагогикалық қызметі домбыралық орындау шеберлігі мәселелерін, домбырада күй орындаудың жүйеленген қағидаларын қамтиды. Ә. Есқалиев көптеген өнер ұжымдары мен солистер орындайтын күйлердің авторы.Әзекең 1962 жылдан бері Құрманғазы атындағы консерваторияда ұстаз, 1998 жылдан бастап профессор. Ол көптеген шәкірттер тәрбиеледі, өнер жолына жолдама берді. Қ.Ахмедияр, А.Жайымов, А.Үлкенбаева, Қ.Қожабаев, У.Ғұбайдуллин сынды шәкірттері әлемге белгілі өнер тарландары.
Әзидолла Есқалиевтың музыка өнеріндегі өнегелі, жемісті еңбегі 1990 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, ал 1993 жылы ҚР халық әртісі атағымен аталып, «Озық еңбегі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Аса үздік еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдармен марапатталды, Атырау және Исатай аудандарының құрметті азаматы атанды
«Аман бол, шешем, аман бол»- Құрманғазының күйі, орындаған. Ә. Есқалиев.[1][2]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.