From Wikipedia, the free encyclopedia
Манарбек Ержанов (8 наурыз 1901 жылы Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы — 14 қараша 1966 жылы, Алматы) — әнші, композитор, күйші, актер.
Манарбек Ержанов | ||||
Жалпы мағлұмат | ||||
---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||
Туған жері |
Ақтоғай ауылы, Ақтоғай ауданы, Қарағанды облысы, Ресей империясы | |||
Қайтыс болған күні | ||||
Қайтыс болған жері | ||||
Азаматтығы | ||||
Мамандығы | ||||
Марапаттары |
|
Әкесі күйші, зергер, ұста болған. Анасы Нақбала да әншілігімен ауыл арасына танылған. Болашақ өнер иесінің музыкаға деген құмарлығы анасының ықпалы арқылы ерте оянады. Арғын тайпасы Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.[1] Ержановты музыка әлеміне жетелеп, оның әсем сазын көкірегіне ұялата білген ұстазы — әнші әрі күйші Күсенбай. Бұдан кейін Манарбектің әншілік шеберлігін ұштауда Шашубай Қошқарбайұлы мен Әміре Қашаубаев игі әсер етті. 16 — 17 жасында-ақ Ержанов Біржан сал, Ақан сері, Жарылғапберді, Естай, Шашубай әндерін айтып, ауыл арасындағы айтыстарға қатысып, ел аузына іліккен.
1928 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, алғашқы актерлерінің бірі болды. Осы театрда қойылған спектакльдерде ойнап, сан қырлы бейнелерді сомдады. 1931 — 32 жылдары Риддердегі жұмысшы жастар театрында қызмет етті. 1934 жылы Алматы музыкалық театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) өнер көрсетті. И.В. Коцыктың “Айман—Шолпан” спектакліндегі Жарас, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің “Абайындағы” Әзім, М.Төлебаевтың “Біржан — Сарасындағы” Естай, т.б. рөлдері оның әншілік әрі артистік талантын кең танытып, даңққа бөледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігінде Е.Г. Брусиловскийдің опералары — “Қыз Жібектегі” Шегенің, “Ер Тарғындағы” Сақанның, “Жалбырдағы” Елеместің рөлін ойнап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Ол 1953 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ филармониясында жеке дауыстағы әнші болып, халықтық ән өнерінде кең орын алатын терме, желдірмелерді, кең тынысты әндерді (“Ардақ”, “Ағашаяқ”, “Смет”, “Топайкөк”, “Жанбота”, “Балқадиша”, “Ақ қайың”, “Толыбай”, “Хорлан”, “Ақ сиса”, т.б.) нақышына келтіре орындады. Сөйтіп, ұлттық өнердегі Арқа әні дәстүрінде өз мектебін қалыптастырды.
Ержанов композитор ретінде де халыққа кең танымал. Оның “Жетісу”, “Астанада”, “Батыр жорығы”, “Күсенбай”, “ҙрнек”, “Шалқар көл”, “Аққу көлі” күйлері, хорға арналған “Партизан жорығы”, “28 гвардияшы-панфиловшылар”, “Жастар тойы”, “Жастар әні”, “Бейбітшілік маршы” атты шығармалары, “Паровоз”, “Амангелді”, “Бақыт жыры”, “Қуанамын”, “Қойшының әні”, “Әнші Біржанға”, “Сайра, бұлбұл”, “Шегенің термесі”, т.б. әндері бар. Музыкалық жинақтары жарық көрді.
Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдермен марапатталған.[2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.