28.4.1964 жылы туған. Кіндік қаны тамған жер – Алматы облысының, Сарқант қаласы. Майраның әкесі Тұрлыбек пен шешесі Рәзия табиғатынан дауыстары қуатты, ән айта білетін. Анасы Біржанның «Жалғыз арша» әнін айтуды сүйетін. Майра Тұрлыбекқызы ата-анасының сол облыстағы Киров ауданына ауысуына байланысты оқуды 1971 жылы 23-партъсезд кеңшары орналасқан селода бастады. Тұрлыбек милиция қызметкері, анасы Рәзия мұғалім болатын. Майра сегізінші сыныпты бітірген соң, Алматы мақта-қағаз комбинатының кәсіптік техникалық училищесінде тігіншілікке орналасты. Бір жыл осында оқыған соң көркемөнерпаздар ұйымына қатысып, оқушылар арасында бірінші жүлделерді жеңіп алды. Майра Дәулетбақова Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып жүрген кезінде атақты опера әншісі Кәукен Кенжетаевтан сабақ алды, оның дәрістерін тыңдады, ал актерлік шеберлікті Торғын Тасыбековадан үйренді. Майра оқуын бітірген соң «Қазақконцерт» ұжымына жолдама алды. Майра концертте ән айтуды Серік Еркімбековтің «Буревестник» әнін орындаудан бастады. Ол өнер табалдырығын осылайша дауылпаздана ашты. 1988 жылы өткізілген концертте осы әнді Мәскеуде өткізілген Бүкілодақтық әншілер жарысының соңғы сегізінші сатысына Майра қатынасып, үшінші орынға бір бал жетпей қалып, төртінші орынға ие болды. Осы жарыстың бес сатысына кезінде Алла Пугачева қатысқан. Жарыстың алдында 1986 жылы Алматыда Майра әншілер жарысында жеңіске жетті. Оған ілесе сол жылы қараша айында Ташкентте өткізілген Орта Азия әншілерінің ішінде жүлделі оралды. Майра әншілер байқауына қатынасуды жиілете түсті. 1995 жылы Қазақстанның барша түкпір-түкпірлерінен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Алтай өлкесінің орталығы Барнаулда түркі тілдес халықтардың әншілік жарысында Гран-приді жеңіп алды. Ыстамбулда өткен 1-халықаралық «Түркевизион» жарысында дипломант атанды. Осыған ілесе Мұрат Ерғалиев ұйымдастырған «Жас қанат» байқауын Александр Понамарев екеуі ашты. Бұл ұжым басшысы Асылболат Бекбаев Майраның әншілік дарындылығын байқап, бағалады. Ол Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған «Ажарың ашық екен атқан таңдай» атты концертте опера арияларын, романстарды, Иванова-Сокольскаяның фортепианода қостауымен үлкен шабыт толқынында атқарып шықты. 2007 жылдың 24 наурызы күні Майра Дәулетбақованың сахнадағы өнерінің 20 жыл толуына орай шығармашылық есеп беру концерті ұйымдастырылды. Концертті «Шын жүрек» деп атады. Жетекшісі – Нұрлан Байғозов. Осы жолы Майра Дәулетбақова Алла Пугачеваның «Орлекинасын», АҚШ-тық әнші У.Хьюстонның әндерін, Френктің «Нью-Йорк», болгариялық актер Лили Иванованың репертуарынан «Мазасыз жүрек» атты әнін тамаша көркемдікпен, көтеріңкі дауыспен орындады. Концерттің өне бойын эстрадалық оркестр сүйемелдеді. «Әлқисса» тобымен бұл жолы Республикалық сарайда бірнеше әндер орындады. Осылардың ішінде «Жалғыз арша», «Дударай», халық әні «Гүлдерайым» да бар. Майра Тұрлыбекқызының әншілік репертуарының біразы ата-ана рухына арналған «Бала күнім», «Ажарың атқан таңдай» атты компакт дискілеріне тасбаланған. Оның біріншісі қазіргі заман сазгерлерінің әндерінен тұрса, екіншісі классикалық, опералық ариялардан, романстардан тұрады. Майра Тұрлыбекқызы Дәулетбақоваға ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді.

Сыртқы сілтемелер

  • Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010 г.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.