From Wikipedia, the free encyclopedia
Эскимостар (өзд. атауы –ᐃᓄᐃᑦ-«инуит») – бір-біріне жақын байырғы Инуит (Аляскадағы Инупият, Канадағы және Исландиядағы инуит) және Шығыс Сібір мен Аляскадағы Юпик халықтарының экзонимдік атауы. Аталған этникалық қауымдастықтарға қатысы бар үшінші топ - Алеуттар әдетте бұл категорияға кірмейді. Үш топтың ортақ арғы тегі ортақ және тілдері бір тіл тобына жататын Эскалеут қатарына кіреді.
Эскимостар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
155 792 адам | |
Ең көп таралған аймақтар | |
АҚШ |
16 581 (2010) |
Канада |
70 540 (2021) |
Дания |
17 067 (2023) |
Ресей |
1 738 (2010) |
Гринландия |
51 479 (2023) |
Тілдері | |
Діні | |
шаманизм, христиандық (протестант, православие) |
Эскимос тілі палеоазияттық тілдер отбасының эскимос-алеут тілдерінің бірі, жалғамалы (агглютинативті) тіл, полисинтетикалық тіл, эргативті құрылысы бар тіл ретінде сипатталады. Эскимос тілінде екі үлкен диалектикалық қауымдастық бар, юит (юпик) және инуит (инупик), олар дербес тілдердің ерекшеліктеріне ие. Азиялық эскимос тілінің үш диалектісі бар: чаплин (оның негізінде әдеби тіл құрылды), наукан, сиреник эскимосының жойылып бара жатқан диалектісі. Эскимос (азиялық) тілінің жазуы 1932 жылдан бастап латын тілінде, 1937 жылдан бастап кириллица негізінде қолданылды.[1]
18 ғ-да бірқатар топтары христиандықты қабылдағанымен, ұзақ уақытқа дейін дәстүрлі наным-сенімдерін сақтап келді.
Бұрын эскимостар Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы бойымен Чаун шығанағына дейін және Чукотканың оңтүстік жағалауынан Анадыр лиманына дейін, Аляска түбегіне, Канада мен Гренландияның арктикалық аймағына дейін кең аумақта қоныстанды. Ғылыми негіздерге жүгінсек, осыдан 5 мың жыл бұрын Беринг түбегі маңында этнос ретінде қалыптаса бастаған эскимостар әр түрлі табиғи жағдайға байланысты бірте-бірте солтүстік жағалауларды қуалай отырып, әрқилы құрлыққа қоныс аудара бастады.
Сан ғасырлар бойы Арктикадағы өмірге бейімделіп, теңіз кәсібімен айналысқан. Аң аулауға ұшы қайырылған гарпун, қайық (каяк) қолданады. Эскимостардың морж, кит, түлен, карибу-бұғысы, т.б. жануарларды ежелден-ақ аулап келді.
Эскимостардың үйлері де қарапайым және ерекше. Гренландиялық эскимостар жазда бұғы терісінен тігілген күркелерде, қыста қардан жасалған үй – иглуда тұрады. Чукотка мен Дат эскимостары болса ағаштан, тастан және балшықтан баспана жасайды. Бөлмелерінің орташа диаметрі 3-4 метр, әр бөлмеде бір отбасы – орта есеппен 10-11 адам тұрады.
Тағамға ет, балық, теңіз омыртқасыздарын пайдаланады. 20 ғ-дағы күрделі үрдістерге сай Эскимостарөздері тұратын елдердің мәдениетін, тілін және тұрмысын қабылдап, ассимиляцияға ұшырай бастаған.[2]
Әйелдер де, ерлер де бірдей киінеді. Қыста негізінен бұғы терісінен жасалған, борсық жүнімен өңделген қалың тон киеді. Оған түрлі өрнектер салады.
Азиялық эскимостарының қазақстандық диаспорасының саны – 8 адам (1999 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағының деректері бойынша).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.