Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып саналады (1866).
Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз ұстасқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).
20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20–40-жылдары популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.
А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз түсініктерінің қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20 ғасырдың 60–70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.[1][2]
Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады.
Биологиялық зерттеулердің жаппай сипатталу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шегін қамтиды. Мыс: Ж.Б.Ламарк (1744–1825), Л.И.Лепехин (1770–1802), Р.Ф. Рульс (1814–1858), И.А.Северцов (1827–1885), Ч.Дарвин (1807–1882), В.В.Докучаев (1846–1903) т.б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген Ж.Б.Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы», Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» т.б.еңбектері экология ғылымының негізін қалаған еді
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70–80 жылдарын қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И.А.Северцов, Н.А.Наумов т.б. В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т.б.ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология — бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және мәселелерді қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымы кең таралған және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.
Биоэкология | Геоэкология | Адам экологиясы | Әлеуметтік экология | Қолданбалы экология |
---|---|---|---|---|
Аутэкология | Құрлық | Қала экологиясы | Жеке адам экологиясы | Өнеркәсіптік (инженерлік) |
Синэкология | Тұщы су | Халықтар экологиясы | Адамзат экологиясы | Технологиялық |
Популяциялық экология | Теңіз | Экологиялық сәулет | Мәдениет экологиясы | Ауыл шаруашылық |
Биогеоценология | Жоғары таулы | Этноэкология | Медициналық | |
Ғаламдық | Кәсіпшілік | |||
Өсімдіктер | Химиялық | |||
Жануарлар | Реакрациялық | |||
Микроорганизмдер | Геохимиялық | |||
Су ағзалары | Табиғатты пайдалану |
Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.:[3]
Қазіргі заманғы экологияның негізгі әдістері:
Жүйелік тұрғыдан қарастыру –тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылғандықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады. Әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді.
Ортаның жағдайын бақылау –бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау т.б. жатады. Қазіргі кезде осылардың ішінде практикалық маңыздылығы жағынан мониторингке ерекше көңіл бөлінуде. Мониторингінің мақсаты –бақылау, баға беру және болжам жасау.
Эксперимент және модельдеу –Зерттеулер эксперименттік әдістемелердің көмегімен бірлестіктер мен экожүйелерде жүргізіледі. Экологияда статистикалық математика, математикалық логика, сандар теориясы, матрицалық алгебрамен байланысты ақпараттар мен кибернетика теориясының әдістері қолданылады. Соңғы кезде биологиялық жүйелерді модельдеу кеңінен қолдануда. Зерттеулердің міндеттеріне байланысты әр түрлі модельдер қолданылады (шынайы нақты модельдер, таңбалы модель, концептуалды және математикалық модельдер).[4]
Қазіргі жалпы экологияның негізгі зерттеу нысандары жоғары биологиялық жүйелер (популяциялар, биоценоздар, экожүйелер, биосфера) және олардың уақыт пен кеңістік аралығындағы өзгерістеріне байланысты түрлі міндеттерді қамтиды. Олар:
Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті — биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар:
Қоршаған табиғи ортаның ластануы –қандай да бір экологиялық жүйеге (биогеценозға), ондағы заттектердің айналымы мен алмасу процестерін, энергия мен ақпарат ағынын үзетін немесе өзгертетін, аталған экожүйенің бұзылуына әкеліп соғатын, оған тән емес жанды немесе жансыз компоненттердің, физикалық немесе құрылымдық өзгерістердің енгізілуі.
Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға шығарылуы. 2009 жылы тұрақты ластау (ҚР Статистика агенттігі) көздерінен атмосфералық ауаға шығарылған зиянды заттар мөлшері 2,3 млн.тоннаға жеткен және соңғы он жыл бойында тұрақты деңгейде сақталып отыр. Шығарылған 1681 мың тонна газ тәріздес заттардың 46,4% күкіртті ангидридтің, 25,7% көмір тотығының, 12,3% азот тотығының, 7,8% көмірсутектердің, 2,6 % ұшқыш органикалық заттардың үлесіне тиеді.
Ауасы лас қалалардың қатарына 11 қала жатқызылса, соның ішінде 7 қала (Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды, Тараз) ластану деңгейі жоғары қалалар.
Су ресурстарының ластануы.
өзендер:Брекса, Үлбі, Глубочанка (ШҚО), Ұбаған (Қостанай обл.), Қарабалта, Тоқташ (Жамбыл обл.), Келес, Бадам, Сырдария (ОҚО)
көлдер:Шалқар (БҚО), Үлкен Шабақты, Сұлтанкелді (Ақмола обл.), Қаракеңгір (Қарағанды обл.);
Негізгі ластаушы заттар тізімінде 16 ингредиент бар. солардың ішінде ең көбірек таралғандары: мыс, сульфаттар, нитриттік азот, фенолдар, ОБС5, (БПК5), темір, фториттер, хром(6+), мырыш(2+).[6]
Химиялық ластану - тыңайтқыштармен, пестицидтермен, ауыр металдармен т.б. ластану. Ең қауіптілері бензол, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, полихлорланған дифенилдер. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың 400 мыңға жуық түрі бар. Негізгілері:
Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы территориясында төрт әскери-сынақ полигондары және "Байқоңыр" кешені жұмыс жасайды. Ракеталардың жерге түскен бөлшектері, құлаған ракеталар, өте улы ракета жанармайларының төгілулері т.б. нақты экологиялық қатер туғызуда.
"Байқоңыр" космодромынан тасымалдаушы-зымырандардың ұшырылымдарын қамтамасыз ету үшін, жалпы ауданы 12,24 млн. гектарға тең ракеталардың бөлшектері түсетін арнайы құлау алаңы бөлінген. Осыған байланысты ракеталық-ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін төмендету, ракеталық-ғарыштық кешеннің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алаңдатып отыр.
Қазақстаның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі қатер туғызып отырған радиоактивті ластану. Оның ішінде 30%-ы радиоактивті газ-радонның мүмкіндігі жоғары. Қазақстан мекемелерінде 50 мыңнан астам пайдалануға жарамсыз иондаушы сәуле шығаратын құралдар бар. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат саны әлі азаймай отыр. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.
Ұлттық экологиялық проблемалар:
Жергілікті экологиялық мәселелер:
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік бағыттарының бірі болып саналады. Бұл саланың маңызды құжатнамасына 2004-2005 жылдарға арналған ҚР экологиялық Концепциясы жатады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар алынуда.
Экологиялық қауіпсіздік төңірегіндегі мемлекеттік саясат мақсаттарына табиғи жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсер ететін табиғи және антропогендік әсерлер нәтижесінде пайда болған қауіп қатерден сақтау жатады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер өз шешімін табуы қажет:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.