Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эксперимент ( лат. experіmentum – сынама, тәжірибе), Тергеу эксперименті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 203-бабының ережелері бойынша жүргізілетін тергеу әрекетті, іске қатысты мәні бар деректерді тексеру және нақтылау үшін арнайы жасалатын тәжірибе. Э. жүргізу кезінде, атап айтқанда, әлдебір фактілерді қабылдау, жекелеген әрекеттердің жасалу, әлдебір оқиғаның болу ықтималдығының тексерілуі, сондай-ақ болған оқиғаның реті және іздерінің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін. Э. куәгерлердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Э-ке өздерінің келісімі бойынша сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә, маман, сарапшы және тәжірибелік іс-қимылдарды жүргізетін адамдар қатыстырылуы мүмкін. Э. қайта жаңғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттер болған жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізіледі. Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде Эксперимент кеңінен қолданылады. Эксперименттің артықтылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақыттын, өту шапшандығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.