From Wikipedia, the free encyclopedia
Эрнст Генрих Геккель (16 ақпан 1834, Германия, Потсдам – 9 тамыз 1919, Йена) — неміс биологы, натуралисті және философы.
Эрнст Генрих Геккель | |
нем. Ernst Heinrich Philipp August Haeckel | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Йена, Апольда, Саксен-Веймар-Эйзенах, Герман империясы |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Йен университеті |
Ғылыми дәрежесі |
докторлық дәреже |
Альма-матер |
Фридрих Вильгельм атындағы университеті |
Ғылыми жетекші |
Иоганн Петер Мюллер |
Атақты шәкірттері |
Оскар Гертвиг, Николай Николаевич Миклухо-Маклай |
1852–1957 жылдары Берлин, Вюрцбург университеттерінде оқытушы, 1861–1909 жылдары Йена университетінде приват-доцент, профессор болды. Радиолярияларды (1862 және 1887), әктасты губкаларды (1872) және медузаларды (1879, 1880) зерттеген. Эволюциялық ілімді ілгері дамыту бағытындағы “Организмдердің жалпы морфологиясы” (1866), “Дүние жаратылысының табиғи тарихы” (1868), “Антропогения немесе адамның даму тарихы” (1874), “Табиғаттың көркем пішіндері” (1904) атты ғылыми еңбектері белгілі. Геккель бірінші болып ғылымға “экология” терминін енгізді (1866). Ол Ч. Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теориясы негізінде тірі табиғаттың тегі мен даму заңдылығы жайындағы ілімді дамыта отырып, Ф. Мюллермен бірге биогенетикалық заңның негізін салды. Геккель өсімдіктер мен жануарлардың ірі жүйелік топтарының шығу тегі мен дамуын анықтауда “үштік параллель” (салыстырмалы эмбриология, салыстырмалы анатомия және палеонтология) әдісін ұсынды. Эволюциялық даму барысында адамдар мен маймылдарды питекантроптар байланыстырады деген пікір айтқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.