From Wikipedia, the free encyclopedia
Шығыс Сібір — Азия, Сібір құрлығының солтүстік-шығысындағы кең-байтақ аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты тарихи еңбегінде: «Дін исламға кіре алмай қалған, осы күнде Күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар» деген тұжырым айтып, Минусинскіні, Бийскіні, Кузнецкіні мекендеген Сібір халықтарының «тілінен, әдетінен, түсінен туысқандығы анық көрініп тұрғандығын» сол тұжырымына дәлел етіп ұсынады, олардан қырғыздар мен қазақтардың Алатауға ауысу тарихын баяндайды.[1]
Шығыс Сібірдің көп бөлігі солтүстігінде тундралық ойпаттар, ал оңтүстігінде және шығысында Батыс және Шығыс Саян, Байкал сырты және Яна-Колыма биік таулы өңірлеріне біртіндеп ауысатын тайгалық Орта Сібір таулы үстірті құрайды. Шығыс Сібірдің негізі Сібір платформасынан тұрады. Аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі – Байкал тау жаралу кезінде қатпарлыққа ұшыраған. Бырранга, Батыс Саян, Тува таулары – палеозой қатпарлы облысына, Солтүстік-Шығыс Сібір (Верхоянск және Черский жоталары) және Шығыс Байкал сырты таулары (Хамар-Дабан, Баргузин, Яблоновый жотасы, т.б.) – мезозой қатпарлы облысына жатады.
Кен байлықтарынан тас көмір, алтын, никель, кобальт, мыс, полиметалл, қалайы, сирек металдар, темір кентасы, слюда, асбест, графит, флюорит, талық, магнезит, нефелин, тұз өндіріледі.
Климаты қатаң, тым континенттік. Орташа жылдық ауа температурасы 0°С-тан төмен (солтүстік-шығысында –18°С-қа дейін төмендейді). Қысы ұзақ әрі өте суық, жазы салыстырмалы жылы. Орташа айлық температурасы қаңтарда –18° –20°С (абсолюттік минимум Якутияда –70°С), шілдеде 5 – 20°С.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 – 500 мм (биік таулы өңірлерде 1000 – 1200 мм). Жауын-шашынның 70%-дан астамы жылы маусымға келеді. Шығыс Сібір қатаң климаты көп жылдық тоңның кең көлемде (ауданы 4 млн. км2-ден астам, қалыңдығы 200 – 500 м-ден Марха өзені алабында 1500 м-ге дейін) таралуына себеп болды.
Өзендері түгелдей (Амур өзенінің жоғарғы ағысын есептемегенде) Солтүстік Мұзды мұхит алабына жатады. Ірілері:
Негізінен қар және жаңбыр суымен толығады. Ірі көлдері:
Өсімдік-топырақ жамылғысының қалыптасуында белдемділік айқын байқалады. Тундраның, орманды-тундраның батпақты-глейлі күлгін топырағында мүк-қына, аласа бұта өсімдіктері, орман белдемінде (тайга) қылқан жапырақты өсімдіктер басым. Орманды-дала, дала өсімдіктері Тува қазаншұңқырында, Байқал сыртында таралған (бұл өңір негізгі ауыл шаруашылықты аудан).
Жануарлар дүниесінен солтүстік бұғысы, ақ түлкі, тиін, бұлғын, қасқыр, қарсақ, түлкі, бұлан, қоңыр аю, құстардың көптеген түрлері тіршілік етеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.