Хатанга - Азияның солтүстігінде, Ресейдің Таймыр автономиялық округі жеріндегі өзен.
Ұзындығы 1636 км (Котуй өзенімен қосқанда). Су жиналатын алабының ауданы 364 мың км². Котуй және Хета өзендерінің қосылысынан түзіледі. Лаптев теңізінің хатанга шығанағына эстуарий жасап құяды. Котуй Путорина тайынан бастау алады. Воеволихан өзені қосылған соң кең батпақты жазықпен, Мойеро өзенін қосып алған соң көп табалдырықты терең шатқалмен ағады. солтүстік Сібір ойпатына шыққан жерде ағысы баяулап, тармақтарға бөлініп кетеді. Басты салалары - Воеволихан, Мойеро, Тукалан. Қар, жаңбыр және еріген тоң суымен толығады. Қыркүйек - қазан айларында қатып, маусымда мұзы түседі. Орташа жылдық су ағымы атырайында 3320 м³/с. Өзен суы балыққа бай (муксун, нельма, таймень т.б). Хатангамен кеме жүзеді.
- Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.