Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хромтау ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1935 жылы құрылған. Жер аумағы 12 900 км². Орталығы – Хромтау қаласы.
Қазақстан ауданы | |
Хромтау ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
13 |
Қалалық әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
27 |
Қала саны |
1 |
Әкімі |
Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Хромтау қаласы, Горький көшесі, №9 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°16′12″ с. е. 58°27′00″ ш. б.50.27000° с. е. 58.45000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1935 |
Жер аумағы |
12,9 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
46 321[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
3,6 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (80,37%), орыстар (12,11%), украиндар (3,43%), немістер (1,16%), татарлар (0,77%), басқалары (2,16%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71336 |
Пошта индексі |
031100-031120[3] |
Автомобиль коды |
04 |
Хромтау ауданы солтүстік-батысында Қарғалы ауданымен, батысында Ақтөбе қаласымен, оңтүстігінде Мұғалжар, Алға, шығысында Әйтеке би аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Аудан жері Мұғалжар тауының қырқалы-төбелі солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Батысы мен орталық тұсы көтеріңкі дөңес келген. Ең биік жері 487 м. Шығысы мен оңтүстік-шығысы сай-жыралармен тілімделген жазық. Бұл жағы Торғай үстіртінің біраз бөлігін алып жатыр. Аласа келген Никельтау (432 м), Бақай (436 м), Шұқыртау (462 м), Бәйментау (456 м), Әулиемола (320 м), т.б. таулары бар. Жер қойнауынан хромит, никель, мыс, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары барланған.
Ауданның климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –16 — 18°С, шілдеде 21 — 23°С. Қыс айларында температура кейде –44°С-қа дейін төмендейді, ал жаз айларында 42 °C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 миллиметр. Аудан жерімен Жақсы Қарғалы, Ор, Қызылқайың, Ойсылқара, Ақтасты, Дүбір, Сармырза, Қарабұтақ, Тамды, т.б. өзендер ағады. Ор, Жақсы Қарғалы өзендерінде шағын бөгендер салынған. Өзендері түгелдей дерлік Жайық және Елек өзендерінің саласы саналады.
Аудан жерінің топырағы негізінен құрғақ дала белдеміне тән сұр, сортаңды сұр (оңтүстік.-батысы мен оңтүстік-нде) қоңыр, бозғылт қоңыр (кейде қызғылт қоңыр) топырақ болып келеді. Өзен аңғарларында шалғынды сұр, шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысын боз, бетеге, жусан, ши, тал, су айдындары бойын қамыс, құрақ құрайды. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан, т.б. дала ландшафтысына тән аң-құстар мекендейді. Хромтау ауданында халық біркелкі қоныстанған.
Тұрғындар саны 42951 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (79,00%), орыстар (12,76%), украиндар (3,82%), немістер (1,27%), татарлар (0,82%), басқалары (2,32%). Халықтың 1км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 3,32 адам.
Аудандағы 28 елді мекен 1 қалалық, 1 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | Абай ауылы | 2 | ▼366 |
Ақжар ауылдық округі | Ақжар ауылы | 2 | ▲2566 |
Аққұдық ауылдық округі | Аққұдық ауылы | 1 | ▲675 |
Бөгетсай ауылдық округі | Бөгетсай ауылы | 2 | ▼1538 |
Дөң ауылдық округі | Дөң ауылы | 2 | ▲3468 |
Көктау ауылдық округі | Көктау ауылы | 1 | ▲2174 |
Көктөбе ауылдық округі | Майтөбе ауылы | 2 | ▼484 |
Қопа ауылдық округі | Қопа ауылы | 2 | ▼1263 |
Құдықсай ауылдық округі | Құдықсай ауылы | 2 | ▼322 |
Қызылсу ауылдық округі | Сарысай ауылы | 2 | ▼856 |
Некілтау ауылдық әкімдігі | Некілтау ауылы | 1 | ▼925 |
Табантал ауылдық округі | Табантал ауылы | 3 | ▼540 |
Тасөткел ауылдық округі | Тасөткел ауылы | 3 | ▼517 |
Тассай ауылдық округі | Тассай ауылы | 2 | ▼555 |
Хромтау қалалық әкімдігі | Хромтау қаласы | 1 | ▲29579 |
Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, биязы жүнді қой және етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 5 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендіріп, 3 АҚ, 7 ӨК, 96 ЖШС және 1200-ден астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 346,8 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 124,5 мың га, шабындығы 2,7 мың га, жайылымы 219,3 мың гектар. Мал шаруашылығында 35,1 мың қой мен ешкі, 2,0 мың жылқы, 5 мың түйе болды (2006). Аудан өнеркәсібінің негізін хромит кені негізінде жұмыс істейтін “Дөң кен байыту комбинаты” құрайды. Одан басқа бірнеше ірі кәсіпорындар (“Керамика”, “Рахат-21” АҚ-дары, “Сауда орталығы”, “Әділ” ЖШС-тері, т.б.) жұмыс істейді. Соңғы жылдары құрылыс саласындағы кәсіпорындар (қыш, кірпіш, әйнек, темір-бетон з-ттары, т.б.) іске қосылды.
Әлеуметтік-мәдени салада жалпы білім беретін 38 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, кеншілер мәдениет үйі, мешіт, стадион, 32 мәдениет мекемесі, ауданы. мекемелер, аурухана, 29 фельдшафт-акушерлік пункт, “Мұғалжар” демалыс базасы, 5 тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштері бар. Аудан жерімен республикалық маңызы бар Атырау — Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай т. ж., Орал — Ақтөбе — Хромтау — Қостанай автомобил жолы өтеді.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.