Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Алға ауданы – Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс.
Қазақстан ауданы | |||
Алға ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
12 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
1 | ||
Ауыл саны |
29 | ||
Қала саны |
1 | ||
Әкімі |
Асланбек Серікұлы Шүйіншалиев | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Алға қаласы, 5-шағын аудан, №4 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
50°04′37″ с. е. 58°17′04″ ш. б.50.07694° с. е. 58.28444° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1933 | ||
Жер аумағы |
7,5 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
43 355[1] адам (2023) | ||
Тығыздығы |
5,8 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (82,08%), орыстар (9,55%), украиндар (3,74%), немістер (1,02%), татарлар (0,68%), болгарлар (0,65%), молдавандар (0,62%), басқалары (1,66%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
030200-030214[3] | ||
Автомобиль коды |
04 | ||
Батысында Қобда, солтүстігінде Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы, шығысында Хромтау, оңтүстігінде Мұғалжар, Темір аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Алға қаласы.
Тұрғыны 40783 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (80,61%), орыстар (10,15%), украиндар (4,23%), немістер (1,08%), беларустар (0,20%), татарлар (0,78%), басқалары (2,95%).
Аудандағы 30 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ақай ауылдық округі | Ақай ауылы | 2 | ▼705 |
Алға қалалық әкімдігі | Алға қаласы | 1 | ▲22446 |
Бесқоспа ауылдық округі | Есет батыр Көкіұлы ауылы | 2 | ▲1666 |
Бестамақ ауылдық округі | Бестамақ ауылы | 2 | ▲4217 |
Қарабұлақ ауылдық округі | Қарабұлақ ауылы | 2 | ▼576 |
Қарағаш ауылдық округі | Самбай ауылы | 2 | ▼1236 |
Қарақобда ауылдық округі | Қарақобда ауылы | 3 | ▼609 |
Қарақұдық ауылдық округі | Қарақұдық ауылы | 3 | ▼1503 |
Маржанбұлақ ауылдық округі | Маржанбұлақ ауылы | 2 | ▲3732 |
Сарықобда ауылдық округі | Сарықобда ауылы | 2 | ▼776 |
Тамды ауылдық округі | Тамды ауылы | 3 | ▼2465 |
Тоқмансай ауылдық округі | Қайнар ауылы | 3 | ▼1224 |
Үшқұдық ауылдық округі | Үшқұдық ауылы | 3 | ▲1618 |
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Алға | қала | ▲22446 |
Бестамақ | ауыл | ▲3749 |
Маржанбұлақ (Прогресс) | ауыл | ▲3436 |
Тамды | ауыл | ▼2079 |
Есет батыр Көкіұлы (Павловка) | ауыл | ▲1603 |
Үшқұдық (Богословка) | ауыл | ▲1346 |
Қарақұдық | ауыл | ▲941 |
Қайнар (Октябрьское) | ауыл | ▼736 |
Самбай | ауыл | ▼695 |
Ақай (Ильинка) | ауыл | ▼590 |
Нұрбұлақ (Шибаевка) | ауыл | ▲541 |
Алға ауданының жері негізінен қыратты жазық (биіктігі 200 – 400 м). Солтүстік-батысында Тасқоралы тауы (биіктігі 386,7 м), оңтүстік-батысында Бесоба тауы орналасқан (биіктігі 324 м). Олардан басқа Аққұдық, Қарамең, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Нартау, Тасшоқы таулары бар. Кен қазбаларынан тас көмір, мұнай, фосфорит, құрылыс материалдары, т.б. кездеседі.
Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 22 – 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм шамасында.
Аудан жерінен оңтүстікке қарай Елек, Сарықобда, Қарақобда және олардың салалары Тәңірберген, Талдысай, Батпақты, Сазды, т.б. өзендері ағып өтеді.
Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, боз шөптері өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық; тұяқтылардан бөкен, елік; құстардан дуадақ, тырна, бүркіт, қаз, үйрек мекендейді. Ауданда ауыл шаруашылығы (астық) мен мал шаруашылығы (ірі қара, қой, жылқы, шошқа) жақсы дамыған. Минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе «Нитрохим», «Неохим» химия кәсіпорындары, нан, май зауыттары бар. Орынбор – Ташкент темір жолы, республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау автомобиль жолы аудан аумағынан өтеді.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.