Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хромтау — Ақтөбе облысындағы қала, Хромтау ауданының орталығы (1967 жылдан бері).
Қала | |
Хромтау | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°15′01″ с. е. 58°26′05″ ш. б.50.25028° с. е. 58.43472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1940 |
Қала статусы |
1967 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲29 982[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71336 |
Пошта индексі |
031100 |
Автомобиль коды |
04 |
Хромтау шекарасы
|
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 86 км жерде, Мұғалжар тауының солтүстік етегінде, Ойсылқара (Сарымырза) өзені бастауындағы дөңесті жерде орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 21740 адам (10211 ер адам және 11529 әйел адам) болса, 2009 жылы 24089 адамды (11630 ер адам және 12459 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 29579 адамды (14532 ер адам және 15047 әйел адам) құрады.[3]
Іргесі 1940 жылы Дөң хромит кен орнының игерілуіне байланысты жұмысшы кенті ретінде қаланған.
Қаладағы негізгі кәсіпорындар: «Дөң кен байыту комбинаты» және «Дөң мұнайбаза» АҚ-дары. Одан басқа қалада «Керамика» АҚ, «Рахат-21», «Сауда орталығы», «Әділ фирмасы» ЖШС-тері, «Бек» ӨК, т. б. шағын жеке кәсіпкерліктер («Егізбаев», «Наурызбаев», т. б.) жұмыс істейді.
Әлеуметтік салада жалпы білім беретін 6 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, Кеншілер мәдениет үйі, клуб, пошта, телеграф жүйелері, 100 орындық шипажай, т.б. бар. Хромтау арқылы ресубликалық маңызы бар Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай темір жол және Қарабұтақ — Темірбек Жүргенов — Денисовка — Қостанай автомобил жолы өтеді[4].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.