From Wikipedia, the free encyclopedia
Тигр – Түркия, Сирия және Ирак жеріндегі өзен. Ұзындығы 1850 км, су жиналатын алабы 375 мың км². Бастауын Армения таулы қыратынан алып, орта және төменгі ағысында Джезире үстірті мен Месопотамия ойпаты арқылы ағады. Әл-Құрна қаласы түбінде Евфрат өзенімен қосылып, Парсы шығанағына құятын Шатт-әл-Араб өзенін құрайды. Негізгі салалары – Үлкен және Кіші Заб, Дияла, Керхе. Жылдық орташа су ағымы Бағдат қаласы тұсында 1240 m³/с. Негізінен қар және жаңбыр суымен толығады. Өзен бойында Мосул бөгені салынған. Бағдатқа дейін (суы мол маусымда Мосул қаласына дейін) кеме қатынайды. Жағалауында Диярбақыр (Түркия), Мосул, Бағдат, Құт-әл-Амара, Амара, Әл-Құрна, (Ирак) т.б. қалалар орналасқан. Тигр мен Евфрат өзендері аралығы (Месопотамия)– әлемдегі ең көне өркениет орталық (Ассирия, Вавилон мемлекеттері) болған. [1]
Тигр | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1850 км |
Су алабының ауданы |
375 км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Армения таулы қыраты |
• Координаттары | 38°20′48″ с. е. 40°01′30″ ш. б.38.34667° с. е. 40.02500° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Парсы шығанағына құятын Шатт-әл-Араб өзенін құрайды. |
• Координаттары | 31°00′16″ с. е. 47°26′32″ ш. б.31.00444° с. е. 47.44222° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Түркия, Сирия, Ирак |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.