Совхоз (советтік шаруашылық)[1] - КСРОауыл шаруашылығындағыжоғары сападатауар өнімін өндіретін механикаландырылған социалистік мемлекеттік кәсіпорын. Ол жерге және басқа да өндіріс құрал-жабдығына мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік негізінде құрылған, шаруашылық есеп бойынша жұмыс істеген.
Совхоздардың құрылуы
Совхоздар 1917 жылы 27 қазанда ( 9 қарашада) қабылданған Жер туралы декрет жарияланғаннан кейін құрыла бастады. Алғаш құрылған мемлекеттік жылқы зауыттары іс жүзінде тұңғыш совхоздар болды.
1918 жылдан бастап әр түрлі мамандандырылған совхоздар құрыла бастады.
1919 жылы социалистік жерге орналастыру туралы және социалистік егіншілікке көшу туралы ережеде совхоз құрылысының негізгі міндеттері белгіленді.
Қазақстанда ұйымдастырылған тұңғыш советтік шаруашылықтар