From Wikipedia, the free encyclopedia
"'Қызылша"' (лат. Béta)– Амаранттар туысына жататын біржылдық, екіжылдық немесе көпжылдық өсімдік. Қызылшаның ең танымал түрлері: кәдімгі қызылша, қант қызылшасы және мал азық қызылшасы. Антарктидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі. Қызылшаның барлық мәдени түрі шығыс Үндістанда өсетін табиғи қызылша түрінен алынған. Қызылшаның тағам ретінде ең алғаш Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолданылғандығы белгілі. Бірақ ежелгі заманда тағамға қызылшаның жапырағы ғана пайдаланылған, ал тамыры дәрілік мақсатта қолданылған. Ежелгі гректер Аполлон құдайының құрметіне қызылшаны сый еткен. Мал азығы қызылшасы XVI ғасырда Германияда шығарылған. Оның толық сапалы түрі XVI-XVII ғасырларда алынса, XVIII ғасырда бұл қызылшаның түрі бүкіл Еуропаға тез тарады. Басқа қызылшалардан түрі жағынан айырмашылығы аз болғанымен, оның тамыры жақсы жетілген. Селекционерлердің 1747 жылы бастаған жұмысының нәтижесінде қант қызылшасы пайда болды. Сол кездегі қамыстан алынатын қанттың қызылша құрамында да бар екендігі анықталған. Ол кезде қызылша құрамынан 1,3 % қант алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 20 % дан асады. Бүгінгі күні қант қызылшасы қант шығару бойынша қант қамысынан кейінгі 2-орынды иеленіп отыр. XIX-XX ғасырларда қызылша Антарктидадан басқа барлық жерге таралды.
Қызылша | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қызылша
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Қызылшаның барлық дерлік түрінің тамыры мен жапырағы тағам және мал азығы ретінде қолданылады.
Жасағанда борщты,
Қосуға оны борышты.
Бұл көкөніс болмаса,
Қызармайды ол аса
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, ISBN 978-601-7237-33-2
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.