Сарқан ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарқан ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 жылы аудан орталығы Сарқанға көшірілді.
Қазақстан ауданы | |
Сарқан ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
12 |
Қалалық әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
35 |
Қала саны |
1 |
Әкімі |
Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №111 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
45°29′24″ с. е. 79°55′48″ ш. б.45.49000° с. е. 79.93000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1928 |
Жер аумағы |
24,4 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
39 898[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (80,64%), орыстар (17,39%), шешендер (0,61%), татарлар (0,57%), немістер (0,34%), басқалары (0,45%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
041500-041527[3] |
Автомобиль коды |
19 |
Солтүстігінде Абай облысының Аягөз ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал, Ақсу аудандарымен және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.
Ауданның оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солтүстігі, солтүстік-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңтүстік-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.
Климаты континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы –7 — 10°С, шілде айынікі 22°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 450 — 550 мм, таулы өңірде 700 — 800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солтүстік, солтүстік-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орталық өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер: Жоңғар бәрбісі, көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, Шренк қызғалдағы өседі. Шөлді, шөлейтті өңірде қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, жабайы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан: дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлдырық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары кездеседі. Балқаш, Алтай көлдерінде бекіре, ақсерке, табан балық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген аңдардан: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, сусар, қара күзен, барыс, шағылқұм мысығы; құстардан — қызғылт бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кездеседі.
Аудан халқының саны 36 962 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (80,76%), орыстар (17,11%), татарлар (0,68%), немістер (0,37%), шешендер (0,60%), басқалары (0,49%).
Аудандағы 36 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Алмалы ауылдық округі | 4044 | ▼3864 | 95,5 | 2021 | ▼1983 | 98,1 | 2023 | ▼1881 | 93 |
Аманбөктер ауылдық округі | 570 | ▼451 | 79,1 | 294 | ▼234 | 79,6 | 276 | ▼217 | 78,6 |
Амангелді ауылдық округі | 1965 | ▼1570 | 79,9 | 1032 | ▼835 | 80,9 | 933 | ▼735 | 78,8 |
Бақалы ауылдық округі | 1631 | ▼1617 | 99,1 | 829 | ▼827 | 99,8 | 802 | ▼790 | 98,5 |
Екіаша ауылдық округі | 2979 | ▼2426 | 81,4 | 1493 | ▼1246 | 83,5 | 1486 | ▼1180 | 79,4 |
Көктерек ауылдық округі | 791 | ▼582 | 73,6 | 401 | ▼303 | 75,6 | 390 | ▼279 | 71,5 |
Қарабөгет ауылдық округі | 1408 | ▲1491 | 105,9 | 732 | ▲771 | 105,3 | 676 | ▲720 | 106,5 |
Қарашыған ауылдық округі | 1279 | ▼924 | 72,2 | 639 | ▼488 | 76,4 | 640 | ▼436 | 68,1 |
Қойлық ауылдық округі | 3257 | ▼2641 | 81,1 | 1596 | ▼1332 | 83,5 | 1661 | ▼1309 | 78,8 |
Лепсі ауылдық округі | 3721 | ▼2694 | 72,4 | 1894 | ▼1362 | 71,9 | 1827 | ▼1332 | 72,9 |
Сарқан қалалық әкімдігі | 14847 | ▲18504 | 124,6 | 7201 | ▲9075 | 126 | 7646 | ▲9429 | 123,3 |
Черкасск ауылдық округі | 3783 | ▼2968 | 78,5 | 1938 | ▼1532 | 79,1 | 1845 | ▼1436 | 77,8 |
Шатырбай ауылдық округі | 741 | ▼527 | 71,1 | 393 | ▼283 | 72 | 348 | ▼244 | 70,1 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 41016 | ▼40259 | 98,2 | 20463 | ▼20271 | 99,1 | 20553 | ▼19988 | 97,3 |
Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауданы телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003).
Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, гуманитарлық колледж, балабақша, шығармашылық үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауданы аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді (2003). Аудан аумағынан Алматы — Өскемен автомобиль магистралі және Түркістан — Сібір темір жолы өтеді.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.