From Wikipedia, the free encyclopedia
Лепсі – Балқаш алабындағы өзен.
Лепсі | |
---|---|
Лепсі өзеніндегі Антоновское СЭС-сы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 418 км |
Су алабының ауданы |
9,4 мың км² |
Су алабы | Балқаш көлі |
Су ағысы | |
Бастауы | Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтар |
• Координаттары | 45°15′50″ с. е. 80°40′44″ ш. б.45.26389° с. е. 80.67889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс бөлігі |
• Координаттары | 46°22′07″ с. е. 78°20′22″ ш. б.46.36861° с. е. 78.33944° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жетісу облысы Ақсу, Сарқан аудандары |
Ортаққордағы санаты: Лепсі |
Жоңғар Алатауының солтүстік баурайларынан 3000 м биіктіктен басталады. Лепсі өзені екі учаскеден тұрады – таулы және жазық. Жазықтағы өзеннің ені 30 метрге жетеді, тереңдігі 5 метр. Балқаш көлі атырабы жоқ көл. Өзен, өзеннің құймалары, балық аулау және демалыс үшін белсенді қолданылады.
Өзеннің ең үлкен ағыны - Ағынқатты өзені, теңіз деңгейінен 3023 метр биіктікте. Өзен Жоңғар Алатауының орталық жотасының солтүстік беткейінде. Өзен ұзындығы 14 км-ді құрайды. Ағынқатты және Лепсі өзендері теңіз деңгейінен 944,9 метр биіктікте. Өзен тар және тік беткейең. Орман алқабы 2400 метрге дейін өседі. Белгіден жоғары альпілік және субальпиялық ормандар орналасқан. Өзен ағысында 2 көл – жоғарғы және төменгі Жасылкөл орналасқан.
Жетісу облысы Ақсу, Сарқан аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 418 км, су жиналатын алабы 9,4 мың км2.
Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Балқаш көлінің оңтүстік-шығыс бөлігіне құяды.
Аңғары жоғары бөлігінде тар шатқалды, төменгі ағысында кеңейе түседі. Жер асты, жауын-шашын, мұздық суымен толығады. Жылына су деңгейі 2 рет — көктемде және жазда көтеріледі. Суы лайлы, ағыны қатты. Өзеннің жазық жерлері желтоқсаннан наурызға дейін қатады. Жылдық орташа су ағымы Новоантоновское ауылы тұсында 24,9 м3/с. Суы егін суаруға, жағалауы шабындық пен жайылымға пайдаланылады. Лепсінің су режимін реттеу үшін Лепсі каналы салынған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.