From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарқан – Балқаш көлі алабындағы өзен.
Сарқан өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 90 км |
Су алабының ауданы |
704 км² |
Су алабы | Балқаш көлі |
Су ағысы | |
Бастауы | Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық |
• Биіктігі | 3400 м |
• Координаттары | 45°03′05″N 80°00′55″E |
Сағасы | Ақсу өзені |
• Координаттары | 43°32′55″N 79°33′54″E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жетісу облысы Сарқан ауданы |
Жетісу облысының Сарқан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 км. Су жиналатын алабы 704 км2.
Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 3400 м мұздықтан басталып, Көкжайдақ ауылы тұсында Ақсу өзеніне кұяды.
Аңғарының ені 300 - 500, кейде 1500 м-ге дейін жетеді. Арнасы қиыршықтасты, жиегі түйетайлы, биіктігі 3,5 - 4 м. Мұздық (35 - 40%), жауын-шашын (10 - 45%), жер асты (45 - 50%) суларымен толысады. Мамыр айында тасып, су деңгейі 2 м-ге дейін көтеріледі. Өзен бойында Сарқан қаласынан төмен 10 канал салынған. Өзен суы егін суғаруға, шаруашылық мұктаждықтарына пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.