From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңасібір облысы (орыс. Новосиби́рская о́бласть) — Ресей Федерациясындағы әкімшілік субъект. Сібір федералды округінің құрамына кіреді. Әкімшілік орталығы — Жаңасібір қаласы.
Облыс 1937 жылдың 28 қаңтарында Батыс сібір өлкесінің Жаңасібір облысы және Алтай өлкесіне бөлінуі кезінде құрылған[1]. Кейін 1943 жылы облыс құрамынан Кемерово облысы, ал 1944 жылы Томск облысы бөлініп шықты.
Жаңасібір облысы Батыс Сібір жазығының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс территориясының ауданы 178,2 мың км². Облыс батыстан шығысқа қарай — 642 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке — 444 км-ге созылуда. Солтүстігінде — Томск облысымен, оңтүстік-батысында — Қазақстанның Павлодар облысымен, батысында — Омбы облысымен, оңтүстігінде — Алтай өлкесімен, шығысында — Кемерово облысымен шектеседі.
2012 жылдың 1 қыркүйегінде Ресей мемлекеттік статистикасының Федералды қызметінің мәліметі бойынша Жаңасібір облысында 2 694 310 адам тұрады.
2002 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша Жаңасібір облысындағы халық саны 2 692 251 адамды құрады, халқының саны бойынша облыс СФО-нде 3-орын, жалпы Ресей бойынша 16-орын алады. Халық тығыздығы — 1 км²-ге 14,9 адам (2005) Халық тығыздығы бойынша Сібір федералды округінде 3-орынға ие.
Қала халқының үлесі — 77,1 % (СФО-нде — 70,5 %; РФ-та — 73 %), ауыл халқы — 22,9 % (СФО-нде — 29,5 %; РФ-та — 27,0 %). Урбандалу көрсеткіші бойынша Сібір федералды округінде 4-орында.
2002 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша (адам):
|
2010 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша (адам):
Жаңасібір облысының құрамына 15 қала (соның ішінде 8 облыстық бағыныстағы қала), 30 әкімшілік аудан, 17 қала үлгісіндегі поселке, 428 ауылдық әкімшілік кіреді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.