From Wikipedia, the free encyclopedia
Науакент, Навакет – Шу алқабында орналасқан Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық әйгілі қалалардың бірі.
7 ғасырдағы қытай деректерінде Науакент (Синчень – жаңа қала) Батыс Түрік қағандығының соңғы қағанының ордасы болғаны айтылады. Ол Ыстықкөлдің жағасындағы Суяб қаласына жақын орналасқан. Ірі сауда орталықтарының бірі болған бұл қалада соғды саудагерлері көп тұрған. Ол туралы 8 ғ-дың басындағы соғдылар билеушісі Деваштич архивіндегі құжаттардың бірінде айтылған. Парсы деректері бойынша Науакент Түрік қағанының ялан шах дәрежесін алған бауыры билеген қала. Қала бір мезгілде 20000 жауынгер жасақтай алған. 10 ғасырдағы Худуд әл-Әламның географиялық шығармасында “Науакент Ұрын-Ардж тауының маңында орналасқан, бұрын қала болған, қазір қираған және қарақшылардың ордасына айналған” делінеді. Кейбір деректерде “Қашқар мен Науакет” митрополиттері туралы айтылады. Соған қарағанда, қалада христиан дінінің өкілдері де тұрғандығы байқалады. Археологиялық зертеулер нәтижесінде Науакент орны Бішкек қаласынан шығысқа қарай 40 км жердегі Қызыл өзен қалашығы екендігі анықталған. Қалашық “ұзын қорғанды қалашықтар” тобына жатады. Топографиясы жағынан цитадель, екі шаһристаннан және зираттан тұрады. Қалашықтың әр түрлі жиіліктегі ғимараттардың іздері сақталған аймағының жалпы көлемі 20 км², орталық бөлігінің кешені 100 га.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.