From Wikipedia, the free encyclopedia
Суяб, Суйаб (парсы: سوی آب; түркі. Су – су; соғды. Йаб – канал, арық деген мағына береді) – Шу алабындағы ортағасырлық қала. Тарихи, археологиялық және нумизматикалық зерттеулер бойынша ғалымдар Суяб қаласының орны Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жердегі Шу (Суйаб) өзенінің оңтүстік жағасындағы көне Ақбешім қала жұрты екенін дәлелдеді. Суяб қаласының іргесі V ғасырда қаланып, X – XII ғасырларға дейін өмір сүрген. Суяб VII ғасырда Батыс Түрік қағандығының, VIII ғасырда Түркеш қағанатының, VIII ғасырдың II-жартысынан X ғасырдың I-жартысына дейін Қарлұқ қағанатының астанасы болды. Оның атақ даңқы да дәл осы ғасырларда бүкіл батыс пен шығысқа мәшїүр болды. Көне қытай жазба деректемелерінде Суяб қаласы Су-е-чэн, Су-е-шуй чэн (Суйаб өзені бойындағы қала) деп аталған. Ол туралы алғашқы мәліметті 627 – 629 жылдары Үндістанға жасаған сапары кезінде Суябқа соғып, Батыс Түрік қағандығының қағаны Тон жабғудың қабылдауында болған Қытайдың жиїанкез діндар-монахы Сюань Цзан жазып қалдырған. Суяб туралы бұдан өзге де қытайдың “Тундиянь” (авторы Ду Ю), “Синь таншу”, т.б. тарихи жылнамалары мен араб географтары ибн Хордадбектің “Китап әл-масалик уә-л-мамалик”, Қудама ибн Жафардың “Китап әл-Харадж”, т.б. еңбектерінде мол мағлұматтар кездеседі. Алғаш 1894 жылы В.В. Бартольд тексеріп зерттеді. 1950 жылы Л.Р. Кызласов, 1959 жылы П.Н. Кожемяков және кеңестік археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп зерттеді. Ал Ақбешімді ежелгі Суяб қаласының орны деген пікірді бірінші рет 1961 жылы ағылшын ғалымы Т.Клаусон ұсынды. Ұлы Жібек жолының “оазистік тармағы“ мен “далалық тармағының” тоғысар тұсында орналасқан көне Суяб қаласы өз дәуірінде Батыс Түрік қағандарының көреген саясатының арқасында әрі қағандықтың астанасы ретінде батыста Византия, шығыста Қытай арасындағы халықаралық саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізуде өте маңызды рөл атқарды; қысқышы Ақбешім.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.