Шу (өзен)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Шу (өзен)
Remove ads

ШуҚырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Ұзындығы 1186 км (Қазақстан аумағында 600 км), су жиналатын алабы 148000 км2 (Қазақстан аумағында 62500 км2).

Quick Facts Шу, қыр. Чүй ...
Remove ads
Remove ads

Бастауы

Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық және Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Чүй (Шу) аталады.

Су алабы

Thumb
Шу өзені

Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері (Қазақстанда): Қорағаты, Меркі, Қарабалта, Ақсу, т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жотасын кесіп өте бере Шу Жоғары Ортотоқой және Төменгі Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсында Ортотоқой бөгені салынған. Төменде Шу Ыстықкөл қазаншұңқырына шығады. Шу мен Ыстықкөлдің суайрығы айқын емес. 20 ғасырдың 50-жылдарында Шу суының бір бөлігі су тасу кезінде Көтемалды тармағы арқылы Ыстықкөлге құйылған. Қазіргі кезде көлмен байланысы жоқ. Қазақстанда Жамбыл облысының Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтеді. Өзеннің Қазақстан аумағындағы ұзындығы - 800 км. Теріскей Алатау мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасып, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы Ащыкөл-Ақжайқын ойысына құяды.

Қазаншұңқырдан шыға бере тағы да бірнеше тар шатқалдар арқылы өтетін аңғары Боом шатқалынан кейін біртіндеп кеңейеді, сағалық аңғары айқын байқалмайды. Қорағаты өзенінен кейінгі саласыз аумағында Шу Мойынқұм құмды алқабына шығады. Одан әрі бірнеше тармақтарға бөлініп, тартыла бастайды. Суы мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта ағысында 50 – 100 м, төменгі ағысында 40 – 60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған.

Remove ads

Гидрологиясы

Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Қазақстан жерінде Тасөткел бөгені бар. Бойында егін суару мақсатында Шығыс және Батыс Үлкен Шу, Шу каналы, Сортөбе, Георгиевка, Атбашы, т.б. каналдар, шағын СЭС салынған. Жылдық ағынының 14,8%-ы көктемде, 58,3%-ы жаз-күз айларында, 26,9%-ы қыста байқалады. Шілде-тамыз айларында тасып, желтоқсаннаурызда қатады. Ағыны реттелетіндіктен су режимі табиғи қалпынан өзгеріп кеткен. Көп жылдық орташа су ағымы Амангелді ауылы тұсында 77 м3/с. Алабындағы 60 мың га-дан астам егістікті суаруға Шу өзені суының 55%-ы пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

Loading content...
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads