Шаһристан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шаһристан, Шахристан — ортағасырлық қаланың қоғамдық ғимараттар мен сауда және мәдени мекемелер орналасатын бөлігі. Мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер мен жергілікті ақсүйектердің тұрғын үйлері де әдетте қаланың осы бөлігінде болған. Ортағасырлық қала салу дәстүрі бойынша Шаһристан цитадельді қоршай немесе бір шетінен жалғаса салынады. Оның сыртынан міндетті түрде қорғаныс қабырғалары салынып, айнала ормен қоршалады. Қазақстан жеріндегі Шаһристан ортағасырлық қалалар: Отырар, Қараспан, Ақтөбе және Талғар қалашықтарында қазылып, зерттелген. Қазба нәтижелері мешіт, медресе, монша секілді діни-ағартушылық және тазалық ошақтары да қаланың осы бөлігінде болатындығын көрсетеді. Ауыз су мен санитарлық құбырлардың тораптары да көп табылған.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.