Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Макинск — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы қала, ауданы және Макинск қалалық әкімдігі орталығы (1957). 1945 жылға дейін "Макинка жұмысшылар кенті" деп аталған.
Қала | |
Макинск | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Әкімі |
Шолахов Шайдулла |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
52°37′44″ с. е. 70°25′48″ ш. б.52.62889° с. е. 70.43000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1914 |
Бұрынғы атаулары |
Макинка жұмысшылар кенті |
Қала статусы |
1945 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
18 103[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71646 |
Пошта индексі |
020500 |
Автомобиль коды |
03 |
makinsk.kz (орыс.) | |
Макинск шекарасы
|
Облыс орталығы – Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 93 км-дей жерде.
Іргесі 1914 жылы қаланған, 1945 жылы қала мәртебесі берілді. 1942 жылы Тамбов облысы (Ресей) Мичуринск қаласындағы поршеньді сақина жасау зауытының көшіп келуіне байланысты Макинск қаласының өнеркәсібі дами бастады. Кейіннен металл жасау зауыты, бейкентас құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын, құрылыс және құрастырушы материалдар комбинаты, ағаш өңдеу зауыты, элеватор, нан пісіретін зауыт іске қосылды. Қалада “Степгеология”, “Поршенькомплект”, “Бұланды карьері”, “Макинск элеваторы”, “Прогресс”, “Агротехсервис”, “Макинск мұнайбазасы” акционерлік қоғамы, 3 автокәсіпорын, автоматты телефон станциясы жұмыс істейді.
5 жалпы білім беретін мектеп, музыка, спорт мектептері, 3 аурухана, емхана, дәріхана, санитарлы-эпидемиологиялық станциясы, 2 мәдениет үйі, 3 клуб, 2 кинотеатр, 6 кітапхана, балалардың шығармашылық үйі, баспахана бар. Сауда торабы және қоғамдық тамақтану орындарынан 32 дүкен, 7 асхана жұмыс істейді. Қалада 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға және Кеңес Одағының батырлары М.В.Яглинскийге, И.Ф.Олиговқа, И.К.Скуридинге обелиск орнатылған. Қала арқылы Астана – Көкшетау автомобиль жолы, Степногорск – Атбасар темір жол өтеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.