Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иван Куприянович Скуридин (1914, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Отрадное селосы - 1944, Ленинград облысы, Ломоносов ауданы,Гостилицы кенті) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, рота комиссары. 1931- 36 жылы Макинск элеваторында жұмысшы, «Қызыл екпінді» ұжымшарында есепші болып жұмыс істеді. 1936-41 жылдары Сахалин аралында Қызыл армия қатарында әскери борышын өтеді. 1941 жылдан Ақмола қаласында жасақталған 310-атқыштар дивизиясының, ал Волхов майданында 98-атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград түбіндегі шайқастарға катысты. 1941 жылы 17 қаңтарда Ломоносов қаласы маңындағы Сокули деревнясында Скуридин үздіксіз оқ боратып жатқан жау дзотының ұңғысын өзініц денесімен жапты. Асқан ерлік көрсеткені үшін Скуридинге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.2.1944[1]). Ленинград облысы,Ломоносов ауданының Гостилицы кентінде Скуридинге ескерткіш орнатылды. Санкт-Петербург қаласында теплоходқа Скуридин есімі берілген. Ленинград облысы «Қызыл Балтика» селосындағы Скуридин атындағы алаңға ескерткіш-белгі орнатылды. Ақмола облысы,Макинск қаласында Скуридиннің мұражайы ашылып, саябақ, көше оның есімімен аталады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.