Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кальций (лат. Calcium; Ca) — IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls22s22p63s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті.[1]
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Орташа қатты күміс-ақ металл
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
Кальций, 20 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
2, 4, s | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Ar] 4s2 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 8, 2 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
197 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
176±10 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
231 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+2e) 99 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,00 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
−2,76 В | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
2 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 589,4 (6,11) кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
1,55 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
1112 К; 838,85 °C | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
1757 К; 1483,85 °C | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
9,20 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
153,6 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
25,9 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
текше бетке бағытталған | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
5,580 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
230 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) (201) Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
20 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
7.4 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.31 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
1.75 | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
170–416 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-70-2 |
Табиғи қосылыстары:
Кальцийді кальций хлоридінің электролиз үдерісі арқылы алынады.
Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, керосиннің астында сақталады.
Атымдық нөмірі 20; атомдық массасы 40,08; балқу температурасы 842°С; қайнау температурасы 1495°С; тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.
Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.
Осы реакциялардың барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.
Оттекпен оңай әрекеттесіп, қыздырғанда жанады. Металлоидтармен тікелей әрекеттеседі. Кальций металын өнеркәсіпте екі жолмен алады:
Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
СаО + Н2O = Са(ОН)2 + 70 кДж
Бұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап "қайнап" жатады, тіпті біразы буланады. Нөтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:
Сілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңқурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады. Бұл реакцияны зертханада көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әқ суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:
Газды одан өрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:
Қатты күйдегі кальций гидроксидінің Са(ОН), судағы жүзгіні, түсі ақ болғандықтан, техникада әк суті деп аталады. Сөндірілген өк құрылыста кеңінен қолданылады. Әк сүтін құрылыста әктеу үшін пайдаланады, ал сөндірілген өктің күммен қоспасын кірпіш қалаганда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жүмсайды. Бүл коспа ауада біртіндеп "ұстасып" қатая бастайды, себебі көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, қатты карбонат (бор) түзеді.
Кальций тұздарының құрылыста үлкен маңызы бар. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілетін кеңінен пайдаланады. Мәселен, табиғи гипсті CaS04 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:
Алебастр ұнтағын сумен араластырғанда кері реакция жүріп, қайтадан гипс түзіп катаяды. Гипстің бұл қасиетін тек құрылыста қолданып коймайды, оны өшекейлік бедер, статуэткалар жасағанда және медицинада пайдаланады.
Көпшілікке белгілі цементтің күрамында кальцийдің силикаттары мен алюминаттары жүреді. Бұл тұздарды күммен қосып араластырғанда қатая бастайды, ейткені түзілетін кристалдар өзара ұстасып, берік материалға айналады.
Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы. Табиғатта жүретін көптеген процестер кальций түздарымен байланысты болады. Осындай процестің моделі ретінде жоғарыда қарастырылған кальций карбонатының гидрокарбонатқа айналуын және оған кері реакцияларды алуға болады. Жаңбыр және басқа да табиғи сулар ауадағы кемірқышкыл газын ерітіп, көмір қышқылын түзеді:
Қышкыл ерітіндісі топыраққа сіңіп, жолында әктасының қорын кездестірсе, оны ерітіп, карбонатты гидрокарбонатқа айналдырады. Гидрокарбонат оңай еріп кетеді, нәтижесінде әктасының қалың жынысында үлкен бос кеңістік ("карсты үңгірлер") пайда болады.
Кальций гидрокарбонатының ерітіндісі баяу ыдырайды, ал кыздырғанда, бұл процесс күшейе түседі:
Са(НСO3)2 =t= CaCO3↓ + Н2O + CO2↑
Карбонаттардың гидрокарбонаттарға айналуы және кері жүретін процесс атмосферада көмірқышқыл газының шамасын (ауада 0,3% CO, бар) тұрақты ұстап тұруға тікелей әсер етеді. Ауадағы С02 мөлшері арта бастаса, оның суда еруі молайып, мұхиттағы өктастар оны байланыстырып, ерімтал түзға айналдырады. Ал көмірқышқыл газы азая бастаса, мүхиттагы гидрокарбонаттар ыдырап, С02 бөле бастайды, сөйтіп, ерімейтін карбонаттарды түнбаға түсіреді.
Кальцийдің қоспалары табиғатта кең таралған. Кальций қосылыстарының бір-біріне айналуы, табиғаттағы кальцийдің айналымын іске асырады, сөйтіп, көптеген геологиялық процестер жүреді. Осылайша бір-біріне айналуының нәтижесінде кальцийдің қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кальцийдің қосылыстары құрылыста кеңінен қолданылады.
Калций инертті газды тазартып болат, никель, мыс, т.б. металдарды балқыту үшін қоспа ретінде пайдаланылады. [2][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.