From Wikipedia, the free encyclopedia
Жангелді ауданы (1928–1956 жылдары Торғай ауданы) — Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 37,6 мың км². Аудан орталығы – Торғай ауылы.
Қазақстан ауданы | |||
Жангелді ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
12 | ||
Ауыл саны |
22 | ||
Әкімі |
Шота Сәбитбекұлы Оспанов[1] | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, №4 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
49°48′ с. е. 63°43′ ш. б.49.800° с. е. 63.717° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
37,6 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
10 759[2] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (99,72%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Автомобиль коды |
10 | ||
Солтүстігінде Қамысты, Науырзым аудандарымен, шығысында Амангелді ауданымен, батысында Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би аудандарымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.
Жангелді ауылының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысы теңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Кен байлықтарынан құрылыс материалдары кен орындары бар.
Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 22 – 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 225 – 275 мм. Жерінің топырағы негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, оңтүстігінде сортаң және құмдақ келеді. Дала өсімдігінен далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық, өзен бойлары мен сай-салаларда тал, жиде, жүзгін, қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен, сарышұнақ, ондатр кездеседі; құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, шағала, қызғыш бар.
Жер беті сулары Торғай, Өлкейек, Ұлы Жыланшық және Теке өзендерінің салаларынан және ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Торғайдың Қабырға тармағы жаз бойы суалмайды. Ірі көлдері: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор.
Тұрғындар саны – 12 251 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,71%, татарлар – 0,12%, орыстар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,07%.
22 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ақкөл ауылдық әкімдігі | Ақкөл ауылы | 1 | ▼461 |
Ақшығанақ ауылдық округі | Ақшығанақ ауылы | 2 | ▼906 |
Албарбөгет ауылдық округі | Көкалат ауылы | 2 | ▼683 |
Аралбай ауылдық әкімдігі | Аралбай ауылы | 1 | ▼402 |
Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық әкімдігі | Ахмет Байтұрсынұлы ауылы | 1 | ▼487 |
Жаркөл ауылдық округі | Тәуіш ауылы | 4 | ▼1082 |
Қаламқарасу ауылдық округі | Қаламқарасу ауылы | 2 | ▼427 |
Қызбел ауылдық округі | Саға ауылы | 4 | ▼764 |
Сужарған ауылдық әкімдігі | Сужарған ауылы | 1 | ▼404 |
Торғай ауылдық округі | Торғай ауылы | 1 | ▼4602 |
Шеген ауылдық әкімдігі | Шеген ауылы | 1 | ▼436 |
Шилі ауылдық округі | Шилі ауылы | 2 | ▼423 |
Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар Арал – Ырғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Жангелді ауданы – тарихи өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.