From Wikipedia, the free encyclopedia
Тосынқұм – Шалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзенінің орта ағысында жатқан құмды массив.
Тосын | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 66 км |
Ені | 21 км |
Орналасуы | |
49°13′11″ с. е. 62°55′33″ ш. б.49.21972° с. е. 62.92583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қостанай облысы |
Орналасуы | Шалқарнұра тауының солтүстігі |
Қостанай облысының Жангелді ауданы жерінде орналасқан.
Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км2. Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биіктігі 2–10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2–5 м тереңдікте (минералдылығы 1,5 – 5 г/л) жатыр.
Құм төбелерде еркек шөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.