Арал
From Wikipedia, the free encyclopedia
Арал — су қоршаған жер, атау. Су тасқыны кезінде де судан жоғары болып тұрады.

Арал — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн. км²-ге тең немесе Еуропа құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн. км²). Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған еді, қазіргі таңда ол судың таралуы себебінде жер бетімен біріккен.[1]

Арал түрлері
Аралдарды мынадай түрлерімен ажыратады:
- Құрылықты (құрылықтан бөлініп тұрған);
- Жанартаулық;
- Маржанды;
- Ағызылған;
- Өзендік;
- Жасанды аралдар.
Аумағы 30 000 км² асқан аралдар

Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.