From Wikipedia, the free encyclopedia
Еуропа ойындары (ағылш. European Games) — Еуропалық құрлықтың атлеттері арасында өтетін аймақтық халықаралық комплексті спорттық жарыс, Еуропа олимпиадалық комитеттері (ЕОК) әр төрт жылда бір рет ұйымдастырмақ халықаралық жарыс. Бірінші Еуропа ойындары 2015 жылы 12-28 маусым аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтті.
Алғашында тек Жазғы ойындарды өткізу жоспарланған, дегенмен қысқы Еуропа ойындарын өткізу туралы ұсыныстар да бар[1].
ЕОК мүшелігіне орай, Еуропалық ойындарға Еуропада орналасқан жалпы шақырылған мемлекеттер (тек Ватиканнан басқасы), тағы да кішігірім Ресей, Түркияның еуропалық бөліктері , Еуропаға кішігірім бөлігі кіретін Әзірбайжан және Грузия, және Азияда толықтай орналасқан Армения, Кипр, Израиль, және кіші бөлігі кіретін Қазақстан қатыспайды.
Басқа құрлықтардың өз ойындары бар. 2011 жылы XVI Панамерикадық ойындар Мексикада өтті, XII Панараб ойындары — Катарда және X Африка ойындары — Мозамбикте. XVI Азия ойындары 2010 жылы Қытайда өтті[1].
2011 жылы сәуірде Еуропалық олимпиада комитетінің президенті Патрик Хики Еуропа ойындарын өткізу туралы ұсыныс білдірді, оған барлық Олимпиадалық спорт түрлері кіретінін жария етті. Хикидің ұсынысын Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге де қолдау білдірді[1]. Егер ұсыныс сәтті болса ойындар, жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионаты және жүзуден Еуропа чемпионаты сияқты жеке шараларға қосымша шара ретінде, немесе оларды ауыстыру мүмкіндігі жоспарланды. Хикидің айтуынша 49 еуропалық ұлттық олимпиада комитеттерінің 47-сі оның шешімін құп алған. Алғашқы демеушілердің қимылын Хики «колоссалды» деп деп мәлімдеді[1]. Сол кезде бірінші Еуропа ойындарын 2015 жылдың маусымында өткізу жоспарланды.
Ойындар | Жыл | Ашылу рәсімі | Жабылу рәсімі |
Қала | Мемлекет | Мемлекет саны |
Спорт түрлерінің саны |
---|---|---|---|---|---|---|---|
I | 2015 | 12 маусым | 28 маусым | Баку | ![]() |
50 | 20 |
II | 2019 | 14 маусым | 30 маусым | Минск | ![]() |
белгісіз | 30 |
Еуропа ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлері келтірілген. 2015 жылы Ойындардың ресми сайтына сəйкес ,жарыстар спорттың 30 түрінен келтірілген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.