From Wikipedia, the free encyclopedia
Ертіс ФК — Қазақстан Премьер Лигасында 1992-2020 жылдары үзіліссіз ойнаған Қазақстандық футбол клубы. Қазақстан Премьер Лигасында бес рет(1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Қазақстан кубогында бір рет (1997/98) жеңіске жеткен клуб.
Ертіс ФК | |||
Толық атауы |
Ертіс Футбол Клубы | ||
---|---|---|---|
Құрылған жылы |
1965 | ||
Таратылған жылы |
2020 | ||
Стадионы | |||
Сыйымдылығы |
15000 адам | ||
Жарыс | |||
2019 |
8-ші | ||
| |||
Қаржы қиындықтарына байланысты 2020 жылғы маусым барысында чемпионаттан шығып қалды да, ұзамай таратылды.
Команда 26 КСРО чемпионатына қатысты (1965—1971, 1973—1991). Осы уақыт ішінде клуб 952 матч өткізді : +454=206-292. Өз және қарсыластардың қақпаларына соғылған доптардың қатынасы — 1319 : 928 .
Команда 1969, 1973, 1978, 1980, 1988, 1989 жылдарда аймақтық турнирлардың жеңімпазы болып табылады (2 Лига). Турнирдағы ең төмен орын — 24 (1981).
1979—1981 жылдарда команда КСРО-ның Бірінші лигасында ойнады.
Ең үлкен жеңісі — 7:1 («Металлург», Ермак, 1970) және 6:0 (7 рет).
Ең үлкен жеңілісі — 0:6 («Луч», Владивосток, 1975; «Колос», Никополь, 1981)
11 КСРО Кубогында: 37 ойын, 14 жеңіс, 5 тең есеппен біткен ойын, 18 жеңіліс, доптардың қатынасы 38 — 51.
Ең үлкен жетістігі — финалдың 1/8
Ең үлкен жеңісі - 3:1 Локомотив Мәскеу 1989 . Ең үлкен жеңілісі - 0:5 Днепр Днепропетровск 1989.
Мемлекетің тәуелсіз болғанынан клубтың ең үлкен жетістіктері – бұл 1993 (сол кезде клубтың атауы «Ансат» болды), 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдардағы Қазақстан Премьер Лигасындағы жеңістері. Премьер Лига құрылғаннан бастап, клуб бірде-бір рет төменгі дивизионда өнер көрсетпеді..
Сонымен бірге клуб АФК Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Азиялық Чемпиондар Лигасы — Азияның ең басты әр жылдық клубтық футбол турниры, осы жарысқа ең үздік 14 азиялық чемпионаттардың жеңімпаздары қатысады (Қазақстанның УЕФА-ға кіруіне дейін). Осы беделді турнирда Ертіс ФК 2001 жылы жартылай финалға дейін жетті. Сонымен қатар команда УЕФА Чемпиондар Лигасының квалификациялық ойындарына қатысты, сол ойындарда клуб кипрлік «Омония» клубынан жеңілді.
Маусым | Жарыс | Раунд | Қарсылас | Нәт. | Жалпы
есеп |
---|---|---|---|---|---|
2003/04 | УЕФА Чемпиондар Лигасы | 1Q | Омония (Кипр) | 0:0, 1:2 | 1:2 |
2009/10 | УЕФА Еуропа лигасы | 1Q | Халадаш (Мажарстан) | 0:1, 2:1 | 2:2 |
2011/12 | УЕФА Еуропа лигасы | 1Q | Ягеллония (Польша) | 0:1, 2:0 | 2:1 |
2Q | Олимпи (Грузия) | 1:1, 0:2 | 1:3 | ||
2013/14 | УЕФА Еуропа лигасы | 1Q | Левски (Болгария) | 0:0, 2:0 | 2:0 |
2Q | Широки Бриег (Босния) | 3:2, 0:2 | 3:4 | ||
2017/18 | УЕФА Еуропа лигасы | 1Q | Дунав (Болгария) | 1:0, 2:0 | 3:0 |
2Q | Црвена Звезда (Сербия) | 1:1, 0:2 | 1:3 | ||
2018/19 | УЕФА Еуропа лигасы | 1Q | Тракай (Литва) | 0:0, 0:1 | 0:1 |
Жуан әріппен жазылғандар: үйдегі ойындар
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
Қазақстан кубогы
Клубтың фанаттық қозғалысы көп уақыт өмір сүрсе де, ресми түрде тек қана 2003 жылы құрылды. Оның атауы «Павлодарлық Фронт». Қазіргі шақта клубтың әкімшілігі клуб фанаттарына үйдегі матчтар кезінде стадионға ақысыз кіруді және көршілес қалалардағы матчтарға ақысыз көлікті қамтамасыз етеді[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.