From Wikipedia, the free encyclopedia
Адидас — жоғарғы имиджді брэнд. Адольф Дасслер атақты брэндтың түп нұсқасында тұрған адам. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда жастайынан өз отбасына көмектесіп яғни жарамсыз лақтырылған солдат сумкаларынан үй аяқ-киімін тіге бастады. Бірақ, оның басты ермегі спорт болатын, әсіресе футбол. Кейін 1920 жылдары ол спорттық аяқ-киім шығару жұмыстарына кіріседі. Ыңғайлылық пен тұрақтылықты ұстану үшін ол алдымен көптеген доктор және жаттықтырушылармен пікір алмасады.
Adidas AG | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі |
FWB: DE0005003404 |
Құрылды |
1924 |
Құрушы | |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Герберт Хайнер (бас директор) |
Саласы | |
Өнімі |
Аяқкиім, спорт киімі, спорт аспаптары, иіссулар |
Айналым |
▲ € 10,799 млрд[1] (2008 жыл) |
Операциялық кірісі |
▲ €1,070 млрд[1] (2008 жыл) |
Таза табыс |
▲ €1,79 млрд[1] (2010 жыл) |
Қызметкерлер саны |
39,600 (2009) |
Сайты |
Басында ол тек қана спорттық аяқ-киімдердің футболға және спорттық жарыстарға киетін түрін ғана шығарса, кейін жүгіру және теннис сияқты спорт түрлерінде киетін аяқ-киім шығаруға көңіл бөлді. Мұндай ғылыми және практикалық жол кейін оның халықаралық беделін жоғарылатты. Сонымен қатар Армии Хэри осы брэнд тауарларымен бірінші рет 100 метрлік спринтті 10 секундта өтіп, бірінші атлет әл чемпион атағын алды. Десслер өзінің тауарларына яғни, тауарларының дизайнына жақсартулар және жаңа инновациялар енгізді.Ол енгізулер спорттың әр саласын қанағаттандырып отырды. Мысалға, жай стандартты кроссовкилер футболисттер қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, себебі ойын аланы кейде жаңбырдан соң дымқыл болады. Сондықтан ол аяқ-киімдерге шегетәріздес штифттер орнықтыруды жөн көрді. Ол ойыншыларға сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Нәтижесінде 1954 жылы өткен әлем Кубогында Adidas брэндінің кроссовкилері еліне жеңіс әкелді. Аяқ-киім модернизациясына қарай футбол ойындарына киетін кроссовкилерінің дизайнына өзгерістер енгізіліп, жүгіруге арналған кроссовкилер шығара бастады.
Жиырмасыншы жылдары Адольф Десслер «спорттық экипировка шығару бойынша әлемде басты менеджер» атағын алды. Adidas аяқ-киімдері бірінші 1928 жылы өткен олимпиадалық ойындарына дейін қолданыла бастады. Атлеттер оны сүйсіне пайдаланатын болды. Бұл брендтың пайда болуы спорттық аяқ-киімдердің сапасының артуына үлес қосты. 1936 жылы Берлинде өткен олимпиадалық ойындарда 4 алтын медальдарды иемденген чемпион Джесс Оуэн Adidas тауарлық маркасы бар кроссовкилерін киген Десслер ойын кезінде спортшыға беріктілік қасиетті арттыру үшін өз аяқ киімдерінің табанының ішкі жағына шипы қосты. Сонымен қатар Десслерді жеңіл спорт түрлеріне қажетті аяқ киім шығару қызықтырды. Ол өзінің аяқ - киімдерінде берік материалдар қолдану үшін көптеген тест жұмыстарын жүргізді, оның ішінде акула, кенгурудың терілерін қолданды. Ең соңында оның аяқ- киімдерінің тиімді материалы болып синтетикалық волокно - нейлон болып табылды.
Десслерге жаңа ойлар еңгізумен қоймай сонымен қатар ол маркетинг сұрақтарын да жақсы меңгерді. Ол Adidas-тың ары қарай спорттық аяқ - киімін шығаратынын жақсы түсінді, сонымен қатар ол өзінің брендінде өнімдерді танытатын жалғыз саудалық белгінің керектігін түсінді. 1949 жылы ол өзінің аяқ - киімдерінің саудалық белгісі ретінде үш түрлі түсті жолақ ойлап шығарды. Бірақ бұл ой 1996 жылы іске аспады. Нәтижесінде Adidas өнімдерінің тауарлық белгісі үш жолақ болып қалыптасты. Ол аяқ - киімнің бір жақ қырында орналасты. Бүгінгі таңда Десслердің қалдырған брэнді әрі қарай гүлденіп және жанданып келеді. Adidas бұрынғыдай спорттық өнімдеріншығаруда, сонымен қатар ол өзінің құрамына спорттық киімдерді шығаруды қосты. Осылайша Adidas тек қана брэнд емес, сонымен қатар сәнді тауарлық марка. Осы брэндтің ықпал ету ортасын әр түрлі субмәдениеттің танымал ағымында кең таралды, әсіресе хип - хопты қолдайтындардың ортасында, 1986 жылы Ди Эм Си поп жұлдызының My Adidas атты әнінде қолданылып, әлемдік танымал хит болды. Бұл дисктің сәттілігі брэнд имиджының құрылуына әсерін тигізді.
Қазіргі таңда брэндтің басты мақсаты оның өнімдері тек қана мамандарға ғана емес, қарапайым тұтынушылардың сұранысына ие. Тұтынушылардың қажеттіліктеріне сай сұранысты қанағаттандыру үшін Adidas компаниясы 3 стратегияны шығарды: бірінші - спорттық бағыттарда өнімдердің құрамы мен қасиеттерін сақтау эстетикалық прагматикалық қажеттіліктерге сай инновациялық разработки еңгізу, екінші - өнімнің бұрынғы тарихи қасиеттері мен қазіргі кезге сай біріктіру, үшінші - тұтынушылардың талғамына сай, заманауй сән үлгілеріне сай ету.( сондықтан бұл брэнд атақты дизайнер Йоши Ямамото қатысуымен жасалады).
Кәсіби футбол үшін арналған аяқ киімдердегі шеге тәрізді штифтер, жүгіруге арналған кроссовкалардағы шипылар; нейлоннан жасалған аяқ киім табандары – үш иновацияны — Adidas үшін үш инновацияның қалыптасып, әйгілі брэнд негіздеуіне себеп болды. Өнімнің техникалық сипаттамасын жетілдіру. Десслер өзі жеңіл атлетикамен айналысқандықтан, ол аяқ киімдердің кімге бағытталғандығына қарамастан, оның техникалық сипаттамаларын күшейтуге тырысты. Ол осы сипаттамаларды жетілдіру жолында жаңа тәсілдерді іздеп, Adidas өнімінің ерекше, әрі құндылығын арттырды.
Спорттық киімдер спорттың өзі сияқты, жалпылық негіздегі құбылыс болып саналады. Сондықтанда, нарықта жалғыз брэндпен өмір сүру мүмкін емес. Нарықта өзінің өте қатаң ережесін орната отырып, Adidas басқа Nike және Reebok сияқты брэнд-бәсекелестермен өткір күреске түсе алуда.
Adidas басқа брэндтерге қарағанда, өзінің тарихи құрылымына ерекше мән береді. Сондықтан да, компания өзінің қызмет етуінің жаңа кезеңдерін игерседе, хип-хоптың жанкүйерлерінің арасында сыйлылыққа сай болуда.
Сатып алушылар санын ұлғайту үшін, менеджерлер тұтынушылық рейтингті жоғарлату үшін Ран Ди Эм Си, Мисси Элиот и Дэвид Бекхэм сияқты жұлдыздарды өздерінің макетингтік іс-шараларына тартуда.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.