Црвена Звезда (футбол клубы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Црвена Звезда» (серб. Фудбалски клуб Црвена звезда; ағылш. Red Star Belgrade, қазақшаға тікелей аударса "Қызыл жұлдыздар" деген мағына береді) — 1945 жылы 4 наурызда "Црвена Звезда" спорт қоғамының футбол бөлімі ретінде құрылған Сербиядағы кәсіпқой футбол клубы.
"Црвена Звезда" спорт орталығында спорттың жеті түрінен клубтар жасақталған, сының бірі осы клуб. Өз алаңындағы ойындарын "Райко Митич" стадионында өткізеді. Қазіргі күнде Сербия суперлигасында ойнайды. Сербияның ең атақты клубтарының бірі.
Клуб әуелде жолдастық кездесулер өткізумен шектелді, кейін ақырындап күшейді де, Югославия чемпионатына қатысты. 1951 жылы тұңғыш рет ел чемпионы атанды. 1956/57 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар кубогына қатысып, Еуропаға әйгілі бола бастады.
1991 жылы финалда "Олимпик Марсель" клубын пенальтилер арқылы жеңіп, Чемпиондар кубогының жеңімпазы атанды. Осы турнирде жеңімпаз атанған жалғыз серб клубы.
Сербия чемпионатындағы басты қарсыласы — "Партизан" (Белград). Бұл екі клубтық арасындағы матч "Мәңгілік дерби" деп аталады. Югославия дәуірінде "Динамо Загреб" клубы басты қарсылас болған, кейін одақ тараған соң бұл екі клубтың жолдары екі айырылды.
Югославия чемпионаты / Сербия чемпионаты (рекорд)
Югославия кубогы / Сербия кубогы (рекорд)
Сербияның Олимпиадалық кубогы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.